Сайт бета-тестілеу кезеңінде. Уақытша техникалық олқылықтар болуы мүмкін.

Тұрақты даму

ҚТК өзінің қызметінің экономикалық, экологиялық және әлеуметтік аспектілерін үйлесімді басқаруға ұмтылады, бұл тұрақты дамуды қамтамасыз етуге бағытталған.

Тұрақты дамуға деген біздің көзқарасымыз

Біз тұрақты дамуды қызметіміздің басым бағыттарының бірі ретінде айқындап, осы тәсілді Даму стратегиясында бекіттік.

Біз тұрақты даму қағидаттарын негізгі бизнес-процестерге, басқарушылық шешімдерге және тұрғын үй бағдарламаларын іске асыруға кіріктіруге ұмтыламыз. Тұрақты даму біз үшін қоғам мен мемлекет үшін ашықтықты арттырудың және ұзақ мерзімді құндылық қалыптастырудың негізі болып табылады.

Біздің стратегиялық міндеттерімізді іске асыру тиімді басқару жүйесін құруға, ESG-көрсеткіштерді жақсартуға, мүдделі тараптармен өзара іс-қимылды нығайтуға және климаттық және әлеуметтік бастамаларды жүйелі түрде енгізуге бағытталған.

Біздің мақсаттар мен тәсілдеріміз туралы толық ақпарат Компанияның Даму стратегиясында көрсетілген.

«ҚТК» АҚ-да Тұрақты даму саясаты бекітілді. Оның ережелерін Компанияның барлық қызметкерлері мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасау кезінде, қызметін жоспарлау және жүзеге асыру барысында, ішкі құжаттарды әзірлеуде, ақпаратты таратуда және өзге де коммуникация түрлерінде сақтауға міндетті.

Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге қосқан үлес

Компания негізгі бизнес-процестеріне тұрақты даму қағидаттарын интеграциялап, БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізуге бағытталған бастамаларды іске асырады.

1-деңгей:

Тікелей ықпал

ТДМ-ға қол жеткізуге қосқан үлес туралы толық ақпаратты Компанияның Жылдық есебінен таныса аласыз.



2-деңгей:

Жанама ықпал

БҰҰ Ғаламдық шарты

2025 жылдан бастап ҚТК БҰҰ Ғаламдық шартының мүшесі әрі белсенді қатысушысы болып табылады және оның қағидаттарын ұстанады.

Компания халықаралық тұрақты даму бастамаларын басшылыққа ала отырып, БҰҰ Ғаламдық шартының қағидаттарын ұстанады және БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарын өз қызметіне интеграциялайды.

Ғаламдық шарттың адам құқықтары, еңбек қатынастары, қоршаған ортаны қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларындағы он қағидаты жалпыға ортақ консенсусқа ие және төмендегі құжаттарға негізделген:

  • Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы
  • Еңбек қатынастары саласындағы негізгі қағидаттар мен құқықтар туралы ХЕҰ декларациясы
  • Қоршаған орта және даму жөніндегі Рио-де-Жанейро декларациясы
  • БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясы

Мүдделі тараптар

ҚТК-ның тұрақты дамуы мүдделі тараптармен тиімді өзара іс-қимылмен тығыз байланысты. Әріптестермен, клиенттермен, қызметкерлермен, жергілікті қауымдастықтармен, мемлекеттік органдармен және басқа да стейкхолдерлермен ашық диалог пен ынтымақтастық Компанияның тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі негізгі факторлар болып табылады.

Өзара іс-қимылды қамтамасыз ету үшін корпоративтік есептілік, Компанияның ресми веб-сайты, форумдарға, көрмелерге, кездесулерге және басқа іс-шараларға қатысу, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар және Компанияның ресми әлеуметтік желідегі парақшалары сияқты негізгі құралдар пайдаланылады.

Компанияда мүдделі тараптармен жүйелі түрде өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін Стейкхолдерлер картасы бекітілген.

Жылдық есепті дайындау аясында 2024 жылы Компания тұрақты даму саласындағы қызметтің маңызды аспектілерін айқындау мақсатында сыртқы және ішкі стейкхолдерлер арасында сауалнама жүргізді.

Гарантиялау және субсидиялау бағдарламаларына қатысатын құрылыс салушылардың қызметінде тұрақты даму қағидаттарының енгізілу деңгейін айқындау мақсатында Компания құрылыс компанияларының ESG күн тәртібіне қатысу деңгейін бағалау бойынша сауалнама жүргізді.

ҚТК-ның ESG қағидаттары аясындағы қызметі

E. Экологиялық жауапкершілік

Компанияның көміртек ізінің көлемі

Климаттың өзгеруі – әлемдік қоғамдастық үшін ең өзекті мәселелердің бірі. Соңғы онжылдықтардағы климаттық өзгерістер қоршаған ортаға, биологиялық әртүрлілікке, халық денсаулығына және экономикаға теріс әсерін тигізуде.

Климаттың өзгеруінің негізгі факторы – атмосферадағы парниктік газдар концентрациясының өсуі. Өнеркәсіп, көлік, ауыл шаруашылығы және басқа да адам қызметінің түрлері шығаратын эмиссиялар парниктік әсерді күшейтіп, жаһандық жылынуға ықпал етеді.

«Қазақстан Тұрғын үй компаниясы» акционерлік қоғамы климаттық тәуекелдердің маңыздылығын және көміртек ізін төмендетудің қажеттілігін түсінеді және 2024 жылы парниктік газдар шығарындыларын бағалау жұмысын жалғастырды.

Бағалау Компанияның барлық қызмет бағыттарын қамтиды. Парниктік газдар шығарындыларының есебі халықаралық GHG Protocol: A Corporate Accounting and Reporting Standard стандартына сәйкес жүргізілді және үш санатты қамтиды:

1-санат (Scope 1) – Компания бақылауындағы көздерден шығатын тікелей парниктік газдар шығарындылары.

2-санат (Scope 2) – Компания объектілерінде тұтынылатын сатып алынған электр және жылу энергиясынан туындайтын жанама шығарындылар.

3-санат (Scope 3) – іскерлік сапарлар, сатып алулар, сыртқы қызметтерді пайдалану, сондай-ақ қаржы секторына арналған GHG Protocol стандарты бойынша есепке алынатын инвестициялық және қаржылық қызметті қоса алғандағы басқа жанама шығарындылар.