"ОРДА" ИПОТЕКАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ​

Бағдарламаның шарттары

«Орда» ипотекалық бағдарламасы – жеке тұлғаларға бастапқы және қайталама нарықта пәтер сатып алуға кредит беру үшін «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ өнімі.

Қарыз валютасы:

теңге.

Қарыз сомасы:

  • Ең төменгі сома – 1 000 000 теңге.
  • Ең жоғарғы сома – 65 000 000 теңге.

Қарыз мерзімі:

240 айға дейін

Бастапқы жарна*

  • қарыз алушының табысы толық расталған жағдайда, сатып алынатын пәтер құнының 30% – ынан аспайды;
  • қарыз алушының табысы ішінара расталған жағдайда, сатып алынатын пәтер құнының 50% – ынан аспайды.

* бастапқы жарна қарыз алушыға немесе үшінші тұлғаларға тиесілі жылжымайтын мүлік түрінде қосымша кепілмен ауыстырылуы мүмкін.

Назар аударыңыз! «Орда» ипотекасына өтінім қабылдау 2021 жылдың соңына дейін тоқтатылды. Өтінімдерді қабылдауды қайта бастау туралы ақпарат «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ сайтында, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылады.

Құжаттар тізбесі және өтінім беру тәртібі

  • Өтінім беру тәртібі:

    1.        Клиент бастапқы немесе қайталама тұрғын үй нарығындағы пәтерді таңдайды;

    2.        Клиент серіктес банкке тұрғын үй сатып алу үшін ипотекалық тұрғын үй қарызын алуға құжаттарды ұсынады;

    3.        Банк бастапқы іріктеуді бағдарлама шарттарына сәйкес жүргізеді;

    4.  Қарыз алушы алғашқы іріктеуден өткен жағдайда Серіктес Банк «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ-ға өтінім қалыптастырады.;

    5.   «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ өтініш берушінің кредит төлеуге қабілеттілігіне бағалау жүргізеді және қарыз беру/беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды;

    6.        Банк «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ атынан шарттар жасайды.

    7.        Кепіл тіркелген соң «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ клиентке қарыз береді.

    «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ серіктес-банктері:

  • «Forte Bank» АҚ

    «АТФ Банк» АҚ

    «Қазақстан Халық Банкі»АҚ

    «Банк ЦентрКредит» АҚ

    «Нұрбанк» АҚ

    «Tengri Bank» АҚ

    «Цеснабанк» АҚ

    «Еуразиялық Банк» АҚ

    «Kaspi Bank» АҚ

    «Сбербанк России» АҚ ЕБ

    «Астана Ипотека» АҚ

    «AsiaCredit Bank» АҚ

    «Экспресс Финанс» ипотекалық ұйымы» АҚ

Құрметті Клиенттер!

Қазіргі уақытта Клиенттердің жаңа Жеке кабинеті
«Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ даму үстінде. Аяқтаудың болжамды мерзімі 2022 жылдың тамызы.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.