Сатып Алу

Сатып алу бойынша ақпарат

«Қазақстандық тұрғын үй Компаниясы» АҚ сатып алуы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 31.10.2019 ж. №1201 бұйрығымен бекітілген Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес Еуразиялық электрондық Порталда жүргізіледі https://eep.mitwork.kz .

 

Өткізілген сатып алу қорытындылары Еуразиялық электрондық порталда да орналастырылады. Мүдделі әлеуетті өнім берушілер осы порталда тіркеуден өтіп, құжаттамамен танысып, жүктеп алып, өткізілетін сатып алуға қатыса алады.

 

Сонымен қатар, өткізілген сатып алу қорытындылары бойынша «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ сатып алу туралы шарттарды электрондық форматта жасайтыны хабарланады, ол үшін өнім берушілер (жеңімпаздар) көрсетілген порталда орналастырылған тіркеу деректерін, оның ішінде банк деректемелерін тексеруі қажет.

 

Сұрақтар туындаған жағдайда келесі байланыс нөмірлеріне хабарласуыңызды сұраймыз: +7 (7172) 79-75-75 (ішкі. 2314, 2242, 2227, 2244).

Сатып алу жоспары

22/06/2021