Талап ету құқықтарын алу

Жалпы ақпарат

Компания қызметінің негізгі бағыттары серіктес банктер берген ұзақ мерзімді ипотекалық қарыздар бойынша талап ету құқықтарын сатып алу, сондай-ақ ипотекалық кредит беру үшін, оның ішінде меншікті ипотекалық бағалы қағаздарды шығару жолымен ұзақ мерзімді ресурстарды тарту болып табылады.

 

Тұрғын үй құрылысын ұзақ мерзімді қаржыландыру және ипотекалық кредит беруді дамыту тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде ипотекалық кредит беру жүйесін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 29 желтоқсандағы шешімімен «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» жабық акционерлік қоғамы құрылды.

 

Компанияны құрудың басты мақсаты кредиттік ресурстардың жылдам қайтарылуын қамтамасыз ету және ипотекалық кредиттеуге тартылған қаржы институттарының өтімділік проблемаларын шешу, сондай-ақ ел азаматтарына ипотекалық қарыздардың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін ипотекалық облигациялар шығару арқылы екінші деңгейдегі банктерді қайта қаржыландыру болып табылады.

 

Компания қызметінің негізгі бағыттары серіктес банктер берген ұзақ мерзімді ипотекалық қарыздар бойынша талап ету құқықтарын сатып алу, сондай-ақ ипотекалық кредит беру үшін, оның ішінде меншікті ипотекалық бағалы қағаздарды шығару жолымен ұзақ мерзімді ресурстарды тарту болып табылады.

 

Компанияның негізгі міндеттері: ипотекалық кредиттеу көлемін кеңейту, Кредиттеу мерзімдерін ұлғайту, бастапқы жарна сомасын азайту болып табылады.

Құрметті Клиенттер!

Қазіргі уақытта Клиенттердің жаңа Жеке кабинеті
«Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ даму үстінде. Аяқтаудың болжамды мерзімі 2022 жылдың тамызы.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.