Жастар тәжірибе жинақтады

Astana IT University және Қазақстан-Британ техникалық университетінің студенттері «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ-да тағылымдамадан өтті. 3 ай бойы олар «Data Warehouse» жобасы аясында жұмыс істеді. Тағылымдама кезінде студенттер деректерді тазарту және жинау, SQL/Python құралдарын қолдана отырып деректерді өңдеу және жүктеу, PostgreSQL дерекқорымен жұмыс істеу, PowerBI-де бақылау тақталарын құру және визуализация сынды деректермен жұмыс істеудің толық циклымен танысты.
– Менің Big Data analysis атты мамандығым Data Science және Data-аналитикамен тығыз байланысты. Қазақстан тұрғын үй компаниясында тағылымдама барысында біз Data-аналитиканы зерделеудің барлық кезеңдерінен өттік, алған білімімізді тәжірибеде қолдану және өз саласының жетекші мамандарынан тәжірибе алу біз үшін өте пайдалы болды, – дейді Astana it University 3 курс студенті Жандос Әбдірешов.