Сатып Алу

Сатып алу бойынша ақпарат

«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ сатып алу процесінің ашықтығы мен жариялылығын арттыру, жетілдіру мақсатында сатып алуды электрондық форматта жүргізеді. «Бәйтерек» ҰБХ » АҚ компаниялар тобының барлық сатып алулары Еуразиялық электрондық порталда (https://eep.mitwork.kz) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 30.11.2021 ж. №1253 бұйрығымен бекітілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жүргізіледі, онда өткізілген сатып алулардың қорытындылары да орналастырылады. Әлеуетті өнім берушілер осы порталда тіркеуден өтіп, жоспармен(-лармен), құжаттамамен танысып, өткізілетін сатып алуларға қатыса алады.

Сонымен қатар, өткізілген сатып алу қорытындылары бойынша шарттар электрондық форматта жасалатыны хабарланады, ол үшін өнім берушілер (жеңімпаздар) көрсетілген порталдағы тіркеу деректерін, оның ішінде банктік деректемелерді тексеруі қажет.

Сұрақтар туындаған жағдайда Қызметті қамтамасыз ету департаментіне келесі телефон нөмірі бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: +7 (7172) 797575, ішкі. 2227, 2242, 2244

Сатып алуды бақылау қызметі туралы ақпарат

2020 жылдан бастап "Бәйтерек" Холдингінде "Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерін сатып алу туралы" ҚР Заңын (Заң) іске асыру үшін Директорлар кеңесінің шешімімен құрылған Сатып алуды бақылау орталықтандырылған қызметі (СБОҚ) жұмысын атқарады.

Қызмет жүйелі мәселелерді анықтаумен және "Бәйтерек" Холдингінің компаниялар тобында сатып алу жүйесін жетілдірумен айналысады. Ол сатып алу қағидаларынің сақталуына ішкі бақылауды жүзеге асырады, сондай-ақ әлеуетті өнім берушілердің сатып алу кезінде жол берілетін ережелердің бұзылуына шағымдарын қарайды. Сатып алу қағидаларын бұзуға тап болған Холдингтің және оның еншілес ұйымдарының әлеуетті өнім берушілері Тапсырыс берушінің әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне, шешімдеріне Заңның 16-бабында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде СБОҚ-не шағымдануға құқылы.

Жеткізушілер үшін

Сатып алу қорытындыларына шағымдану

Холдингтің және оның еншілес ұйымдарының сатып алуды жүргізу ережелерінің бұзылуына тап болған әлеуетті өнім берушілері, Тапсырыс берушінің іс-әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне, шешімдеріне "Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы" Заңның 16-бабында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде сатып алуды бақылау жөніндегі Сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызметке (СБОҚ) шағымдануға құқылы.

Белгіленген мерзімдерде шағым берілген кезде бақылау және алдын алу орталығы сатып алу туралы шарт жасасуды шағымды қарау мерзімі аяқталғанға дейін тоқтата тұратынын атап өткен жөн. Шағымда көрсетілген фактілер расталғаннан кейін  СБОҚ сатып алу нәтижелерінің күші жойылғанға дейін Заңда белгіленген тиісті шаралар қабылданатын болады.

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ немесе оның сатып алуды жүзеге асыратын еншілес ұйымдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым СБОҚ-да электрондық сатып алудың ақпараттық жүйесі арқылы берілуі мүмкін. Сондай-ақ шағымды мына мекенжай бойынша беруге болады: Қазақстан Республикасы, Z05T2H3, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55 А-ғимараты.

2023 жылға арналған сатып алу жоспары