8 800 080-44-48 Жедел желі

Нұр-Сұлтан Мәңгілік Ел даң., 55А үй

Нұр-Сұлтан

Алматы

Ақтау

Ақтөбе

Қарағанды

Көкшетау

Қостанай

Қызылорда

Павлодар

Тараз

Өскемен

Шымкент

Атырау

Семей

Орал

Петропавл

Түркістан

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ

КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ
 
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі 2013 жылы құрылған.Негізгі міндеті – жеке меншік құқы бар, сонымен қатар ұлттық даму институттары, ұлттық компаниялар, басқа заңды тұлғалар сеніп басқаруға берген акциялар пакетін  (қатысу үлесі) басқару болып табылады. Холдинг Қазақстан Республикасы Президентінің  2013 жылғы 22 мамыр күнгі № 571 Жарлығына орай даму институттарын, қаржылық ұйымдарды басқару жүйесін оңтайландыру мен ұлттық экономиканы дамыту мақсатында құрылған.  2014 жылдың соңына қарағанда,  Холдинг өзінің аясына 11 еншілес ұйымды біріктірді.
«Бәйтерек» холдингінің маңызды міндеттерінің бірі - Холдинг компаниялары тобының тиімді және бір-бірін толықтыратындай жұмыс істеуін қамтамасыз ету болып табылады.

МИССИЯСЫ
«Стратегия-2050»-де белгіленген мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, әлеуметтік-бейімделген міндеттерді шешу және  онда қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қаржыландыру және экономиканың  басымдық секторларына қолдау көрсету арқылы Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуына ықпал ету . 

 КЕЛЕШЕГІ
2023 жылғы Холдинг  – Қазақстан Республикасы Үкіметінің негізгі қаржылық агенті болып табылатын, елдің экономикасының әртараптандырылуын, жаңалануын және тұрақты дамуын, мемлекеттің әлеуметтік-бейімделген міндеттерінің шешілуін  қамтамасыз ететін  холдинг болмақ.

ЕНШІЛЕС ҰЙЫМДАРЫ
Холдинг құрамында келесі еншілес ұйымдар жұмыс істейді:

Ірі кәсіпорындарды қолдай отырып, «Қазақстан Даму Банкі АҚ, «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ, «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ борыштық және үлестік қаржыландыру, экспорттық операцияларды сақтандыру, лизингтік қаржыландыру сияқты қолдау құралдарын ұсынады және тұтастай алғанда шикізаттық емес экспорттаушыларға қолдау көрсетеді.

Шағын және орта бизнес үшін – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ кәсіпорындарға қолдаудың үш құралын ұсынады – сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау, кредиттерге кепілдік беру және қаражатты екінші деңгейдегі банктерде шартты түрде орналастыру.

«Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ («Отбасы банк» АҚ) және «Қазақстан Тұрғын Үй Компаниясы» АҚ тұрғын үйді жалға беру, қаржыландыру, ипотекалық несиелеу және субсидиялауды дамыту арқылы тұрғын үйдің қаржылық қол жетімділігін арттыруға бағытталған.

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ еліміздің агроөнеркәсіптік кешенінің (АӨК) тұрақты дамуына ықпал етеді. Елдің АӨК-ің техникалық жабдықталуына «ҚазАгроҚаржы» АҚ көмектеседі, сонымен қатар сапалы және бәсекеге қабілетті лизинг қызметтерін ұсынады. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ АӨК-нің басым бағыттарын дамыту және халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін арттыру мақсатында шағын кәсіпкерлікті қаржыландырады.

«Бәйтерек» ҰБХ» ресми сайты – www.baiterek.gov.kz

Iздеу

Сұратымды өңдеу кезінде қате пайда болды | KHC.kz

8 800 080-44-48 Жедел желі

Нұр-Сұлтан Мәңгілік Ел даң., 55А үй

Нұр-Сұлтан

Алматы

Ақтау

Ақтөбе

Қарағанды

Көкшетау

Қостанай

Қызылорда

Павлодар

Тараз

Өскемен

Шымкент

Атырау

Семей

Орал

Петропавл

Түркістан

Адрес қате терілген, немесе ондай парақша сайттан жойылған.

Басты бетке қайта оралу немесе сайт бойынша іздеу жасау.

Iздеу