2026 жылғы 30 қаңтарда «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ-та (ҚТК) DEMODAY KHC 2026 іс-шарасы өтті. Іс-шара Компанияда іске асырылып жатқан цифрлық жүйелер, аналитикалық шешімдер мен IT-тәсілдер мәселелеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы құрылыс материалдары саласы мен қалаларды дамыту бағытындағы кешенді зерттеулердің нәтижелерін таныстыруға арналды.
DEMODAY KHC 2026 іс-шарасына «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ және ақпараттық технологияларды дамыту, бизнес-процестерді жетілдіру, аналитикалық зерттеулер жүргізу және стратегиялық даму бағыттарымен айналысатын еншілес ұйымдардың өкілдері қатысты.
DEMODAY KHC 2026 бағдарламасы екі тақырыптық блокқа бөлінді.
Бірінші блок аясында Компаниядағы цифрландыруға қатысты төмендегілер ұсынылды:
- ҚТК-ның цифрлық экожүйесі және аналитикалық орталығы;
- жасанды интеллект технологияларын қолданатын аналитикалық дашбордтар мен шешімдер;
- ҚТК-ның интеграциялық модулі.
Екінші блокта қатысушыларға аналитикалық зерттеулердің нәтижелері таныстырылды, оның ішінде:
- Қазақстандағы құрылыс материалдары нарығын зерттеу;
- цифрлық аумақтық платформа негізінде Қазақстан қалаларын кешенді зерттеу.
Аталған іс-шара тәжірибе алмасу, практикалық кейстерді талқылау және цифрлық сервистерді, IT-шешімдерді және аналитикалық құралдарды одан әрі дамыту перспективаларын қарастыру алаңына айналды.