Қазақстан тұрғын үй компаниясы ЕДБ кредиттік ресурстары есебінен тұрғын үй салуды жоспарлап отырған барлық жеке құрылыс салушыларды ынтымақтастыққа шақырады

ЕДБ өз қаражаты есебінен ҚР Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің деңгейінен субсидиялау туралы шешім қабылданған күні қолданыстағы 5% – дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша қарыздар береді. Осылайша, тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін ЕДБ коммерциялық кредиттері жылдық 19% – дан аспауға тиіс.

Қазақстан тұрғын үй компаниясы өз кезегінде осы кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің жылдық 7% – ын субсидиялайды. Кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігін құрылыс салушы төлейді.

Өтінішті Digital Baiterek порталында онлайн режимінде беруге болады: https://digital.baiterek.gov.kz/subsidizing-application

Субсидиялау қағидаларымен және қажетті құжаттар топтамасымен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1700014765 (ҚР Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы № 35 бұйрығы)

Қызмет толықтай автоматтандырылған. Өтінімді қарау мерзімі 8 жұмыс күнін құрайды. Қажетті құжаттар тізімі:

1) Ережелерге 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидия алуға өтініш-сауалнама https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1700014765 (ҚР Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы № 35 бұйрығы);

2)іске асырылып жатқан жобаның сипаттамасы (жобаны салуға рұқсат беру құжаттамасын, бизнес-жоспарды қоса бере отырып, еркін нысанда қалыптастырылады);

3) ЕДБ-нің жобаны іске асыру үшін кредит беру (қайта қаржыландыру) мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хаты;

4) ведомстводан тыс кешенді сараптаманың қорытындысы;

5) объект бойынша ақпарат (презентациялар, жарнамалық материалдар, пәтерлердің жоспарлануы, пәтерлердің ауданы мен саны), оның ішінде электрондық түрде.

Қарыз алушы үшін міндетті шарттар:

  • нысаналы мақсаты-жобаны қаржыландыру (кредитті қайта қаржыландыру);
  • несие валютасы-теңге;
  • субсидиялаудың ең ұзақ мерзімі 36 айға дейін (қоса алғанда).

Анықтама: жаңа кредиттерге қаржы агенті қарағанға дейін 18 ай ішінде ЕДБ бұрын берген кредиттер жатады. Субсидиялау шеңберінде қайта қаржыландыруға ЕДБ-ға жүгінген күні 18 ай мерзімге ЕДБ-ға бұрын берілген кредиттерге жол беріледі.

Кредиттің нысаналы жұмсалуына:

1) құрылыс-монтаждау жұмыстарына, жобаны басқару жөніндегі шығындарға, авторлық және техникалық қадағалау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуді;

2) жобаны іске асыруға байланысты өзге де шығыстарды, оның ішінде жарнама, басқарушы қызметкерлерді ұстау, коммуналдық және телекоммуникациялық қызметтер бойынша шығыстарды, жалдау төлемдерін, сапаны бақылау жөніндегі техникалық паспорттарды дайындауға арналған шығыстарды, зертханалық сынақтарды, салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, жарналарды төлеу бойынша шығыстарды төлеу әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға.

Жеке құрылысшы 1 шаршы метрге белгіленген сату бағасы бойынша тұрғын үйдің кемінде 50% ұсынады:

  • 260 мың теңгеге дейін қоса алғанда – Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында және олардың қала маңындағы аудандарында, Шымкент, Атырау, Ақтау қалаларында;
  • 220 мың теңгеге дейін – басқа аймақтарда.

Жеке құрылысшы тұрғын үйді тікелей сату, «Отбасы Банкі» АҚ несиелері, екінші деңгейлі банктер, «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы және «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымдарының бағдарламалары арқылы сатады.

«Қазақстан Тұрғын Үй Компаниясы» АҚ

Баспасөз қызметі

+7 7172 797575, іш. 2394

pr@khc.kz, www.khc.kz