2022 жылғы 17 қазанда «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ басшылығы мен Азия даму банкінің Директорлар кеңесі «Жасыл тұрғын үй құрылысын инновациялық дамытуды қаржыландыру бойынша қолдау» жобасын іске асыру жөнінде техникалық көмек көрсету мәселесі бойынша кездесу өтті.
Техникалық көмектің мақсаты төмен көміртекті, энергияны үнемдейтін және климатқа төзімді жасыл тұрғын үй құрылысының жобасын әзірлеу болып табылады.
Бүгінгі таңда ең көп CO2 қалдықтары ТКШ-мен байланысты, әсіресе, Қазақстанның климаттық ерекшеліктерін ескеретін болсақ, мұнда жылына 6 айға дейін көмірмен жылытатын, атмосфераны одан әрі ластайтын аймақтар бар. Экологиялық таза материалдардан және заманауи энергия үнемдейтін материалдардан жасыл тұрғын үй салу осы мәселені шешуде ең оңтайлы шешім болып табылады.