2023 жылғы 9 маусымда «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ (бұдан әрі – Компания) Тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасын іске асыру шеңберінде жалпы сомасы 39 331 746 теңгеге меншікті облигацияларын (ISIN – KZ2C00007086) орналастырды.
Тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 24 сәуірдегі қаулысымен (№69 хаттама, бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілген және халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсетуге бағытталған.
2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Компания Бағдарлама есебінен жалпы сомасы 6 969 млн теңгеге 1 018 қарыз алушыға көмек көрсетілді.