12 маусымда «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ Атырау қаласының әкімдігімен бірлесіп, қала кәсіпкерлері үшін құрылыс саласында семинар-кеңес өткізді.
Кездесу барысында ҚТК Басқарма төрағасының м.а. Алтай Күздібаев өз сөзінде тұрғын үй құрылысына кепілдік беру және тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау тетіктері туралы айтты.
Құрылыс салушылармен кездесуде ҚТК өкілдері бірыңғай оператордың кепілдігін қалай алуға, құрылыс салушылардың кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға қалай өтінім беруге болатыны туралы айтып берді. Өтінімдерді онлайн-портал арқылы беру кезінде үлгілік қателер бойынша мәселелер және құрылыс салушыларды басқа да қызықтыратын мәселелер талқыланды.
Құрылыс салушылар кепілдік пен субсидия алуға өтінімдерді digital.baiterek.gov.kz онлайн-порталы арқылы беретінін атап өткен жөн, порталда өтінімнің мәртебесін үйден шықпай-ақ қадағалауға болады.
«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» ҚР Заңына сәйкес үлескерлердің ақшасын тартуға тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт негізінде ғана жол беріледі. Қолданыстағы заңнаманы айналып өтумен жасалған барлық мәмілелер (алдын ала брондау шарты, резервтеу шарты, инвестициялау шарты, талап ету құқығын басқаға беру шарты) рұқсат құжаттарынсыз салынып жатқан тұрғын үй кешендерінде жарамсыз болып табылады», – деді Алтай Күздібаев.
Сонымен қатар, заңның бұзылуына жол бермеу және ақпараттандыру мақсатында ҚТК БАҚ-та мақалаларды жүйелі түрде жариялап, үлескерлерді ескертеді. Қазақстанда ҚТК кепілдігімен, рұқсат құжаттарымен салынып жатқан нысандар туралы барлық ақпарат https://homeportal.kz тұрғын үй порталында орналастырылған.