Бүгін, 2023 жылғы 23 маусымда «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ (бұдан әрі – Компания) кеңсесінде «MBS Capital» ЖШС қатысу үлесін сенімгерлік басқаруға беру бойынша қабылдау-тапсыру актісіне қол қойылды.
«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сенімгерлік басқарушы (Компания) белгіленген тәртіппен бас мердігерді ауыстыру жөніндегі рәсімдерді бастайды, Атырау қаласында Нұрсая шағын ауданында 9 қабатты төрт тұрғын үй объектісінің құрылысын қайта бастау және тезірек аяқтау жөніндегі тиісті іс-шараларға кіріседі.