Бүгін «Атамекен» ӨКП алаңында «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ өкілдері өңірлік құрылыс салушылармен кездесті. Онда «Үлестік тұрғын үй құрылысына кепілдік беру және құрылыс салушыларға несиелерді субсидиялау тетіктері» таныстырылды.
Құрылыс салушыларға Бірыңғай оператордан кепілдік алу талаптары, кепілдік беру кезінде келісім-шарттардың барлық түрлерін жасасу тәртібі, заңнамада көзделген субсидияларды алуға өтініш беру тәртібі туралы толық ақпарат берілді.
Қатысушылар үлестік құрылыс бизнесі үшін жағдайды жақсарту бойынша ұсыныстарды талқылады. Айта кетейік, 2023 жылдың 23 қаңтарынан бастап (ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Бұйрығына енгізілген өзгертулер қолданысқа енгізілді) «ҚТК» АҚ Кепілдік алу құжаттары 2 есеге қысқарды. Бұйрыққа өзгертулер қабылданғанға дейін құжаттар саны 43 болса, қазіргі уақытта 23-ке жетті.
Тұрғын үй құрылысы саласын дамыту тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде қойылған міндеттердің тиімділігін арттыру мақсатында «ҚТК» АҚ тұрақты түрде ақпараттық қамту арқылы еліміздің өңірлеріндегі негізгі мақсатты аудиториялар арасында жұмысты жалғастырады.