Астана қ. 3 қазан 2023 ж.
2023 жылғы 29 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ (бұдан әрі – Компания) мемлекеттік емес облигациялардың жиырмасыншы шығарылымының проспектісіне өзгерістер тіркеді.
Проспектке енгізілген өзгерістерді компания жалпы сомасы 3 000 000 000 теңгеге тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасын іске асыру үшін бастамашылық етті. Қазақстан Ұлттық Банкімен бірлесіп орындалатын бұл бағдарламаның мәні халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсету болып табылады.
Тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 24 сәуірдегі қаулысымен (№69 хаттама, бұдан әрі – бағдарлама) бекітілген және халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсетуге бағытталған.
2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Компания бағдарлама есебінен жалпы сомасы 7 066 млн теңгеге 1 027 қарыз алушыға көмек көрсетті.
«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ
Баспасөз қызметі
+7 7172 797575, ішкі 2394