Отбасы банк «Отау» бағдарламасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Тұрғын үй Компаниясымен, Қазақстанның құрылыс салушылар қауымдастығымен және Қазақстанның құрылыс салушылар одағымен ынтымақтастық мәселесін талқылады

Кездесуде Отбасы банктің Басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова «Отау» бағдарламасының іске асырылу барысы және құрылыс салушылардың банкпен ынтымақтастығының артықшылықтары туралы айтып берді: «13 наурыздағы жағдай бойынша банк клиенттері тарапынан 8 180 өтінім сәтті тапсырылды. Ажиотажды болдырмау үшін өтінімдерді қабылдау мерзімдері әлеуетті қатысушылар үшін барынша ыңғайлы етіп жасалды. Яғни, құрылыс салушылардың нысандарға жеті жылдық кепілдендірілген сұранысы бар. Отбасы банкімен ынтымақтастықты жоспарлаған құрылыс салушылар тұрғын үй сатып алуға дайын, төлем қабілеттілігі бар және несие алуға мақұлдау алған клиенттердің базасына ие болады». Отау бағдарламасы туралы толығырақ   otbasybank.kz. сайтынан біле аласыздар.

Өз кезегінде, «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ заңды тұлғалармен жұмыс департаментінің директоры Әйгерім Құрманбаева кепілдік беру және субсидиялау механизмдері туралы ақпаратпен бөлісті: «Өткен жыл ҚТК үшін жағымды жаңалықтарға бай және жемісті болды, бизнеспен, оның ішінде өңірлерде бірқатар кездесулер өткізілді. Бүгінгі таңда Компания құрылыс салушыларға қойылатын қосымша талаптарды алып тастады, қарапайым және ашық рәсімдерді енгізді. Құрылыс салушылар өз өтінімдерін тұрғын үй порталы арқылы тұрақты негізде онлайн тапсыра алады және жеке кабинеттер арқылы құжаттар мәртебесін қадағалай алады, сондай-ақ шарттарға электронды түрде қол қою рәсімі енгізілді. 2023 жылы біз 1 трлн теңге шегінен өттік.  Бұл елдегі көптеген үлескерлердің жарналарын қорғауға мүмкіндік берді. Қазір біз заңнамалық талаптарды төмендету бойынша жұмысты жалғастырып жатырмыз, сондықтан шағын және орта компаниялар, әсіресе аймақтардағы компаниялар біздің кепілдігімізге ие бола алады».