БАСПАСӨЗ ХАБАРШЫСЫ

ҚТК құрылыс салушылармен тұрғын үй құрылысы бөлігінде цифрлық құралдардың жаңа мүмкіндіктерін талқылады

Астана қ.                                                                                                   2024 жылғы 15 мамыр

Ағымдағы жылдың 15 мамыр күні Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы (жалғыз акционері «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ болып табылады) Қазақстан құрылыс салушылар қауымдастығы мен Қазақстан Құрылысшылар одағының қолдауымен онлайн форматта өңірлердің құрылыс салушыларымен кезекті кездесу өткізді, онда тұрғын үй құрылысын қолдау құралдары, оның ішінде үлестік тұрғын үй құрылысына кепілдік беру, құрылыс салушылардың кредиттерін субсидиялау, жалға берілетін тұрғын үй сатып алу тетіктері (сатып алу құқығымен) жеке құрылыс салушылардан, сондай-ақ цифрлық құралдардың жаңа мүмкіндіктері таныстырылды.

Құрылыс салушылармен тұрақты кездесулердің мақсаты – Бірыңғай оператордың тетіктері туралы хабардар ету, сондай-ақ тұрғын үй құрылысын ынталандыру бойынша қосымша шаралар әзірлеу.

Компанияның заңды тұлғалармен жұмыс департаментінің директоры Әйгерім Құрманбаева өз презентациясында құрылыс салушыларға үлестік тұрғын үй құрылысына кепілдік беру және жеке құрылыс салушылардың кредиттерін субсидиялау тетіктерін егжей-тегжейлі түсіндірді, сондай-ақ тыңдаушыларды жасалған шарттар шеңберінде құрылыс мерзімін ұзарту мәселелері бойынша құрылыс салушылардың кепілдіктері мен өтініштерін алуға өтінім беру бөлігіндегі жаңалықтармен таныстырды.

«Қазіргі уақытта кепілдік алуға өтінімдерді қабылдау www.homeportal.kz онлайн-портал арқылы электрондық түрде жүзеге асырылады, жеке кабинетте құрылыс салушы өтінімнің мәртебесін бақылай алады. Енді құрылыс салушылардың құрылыс мерзімін ұзарту мәселелері бойынша өтініштерін тұрғын үй порталының жеке кабинетінде беруге болады. ҚТК бүкіл кезеңінде 229 нысанға кепілдік берілді, қазіргі уақытта портфельде-59 нысан», – деп атап өтті Әйгерім Құрманбаева.

Компанияның Бизнес-процестер және цифрлық даму департаменті директорының орынбасары Мирас Базикенов тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды (ҮҚШ) орталықтандырылған есепке алу жүргізілетін «Қазрестр» ақпараттық жүйесіндегі өзгерістер туралы айтып берді. Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін бірқатар цифрлық шешімдер жетілдірілді, соның ішінде ҮКШ-қа онлайн қол қою іске қосылды.

Құрылыс салушыларды ҚТК дайын пәтерлерін сатып алу тетігі де қызықтырды, оның шарттарымен Жылжымайтын мүлікті басқару департаментінің директоры Марат Әбдірахманов бөлісті.

Компания бұрын жариялағандай, құрылыс салушылармен және құрылыс саласы нарығының кәсіби қатысушыларымен осындай кездесулерді тұрақты негізде өткізу жоспарлануда.

Баспасөз қызметі

«Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ

+7 7172 797575, ішкі. 2720

pr@khc.kz, www.khc.kz