БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Ақтөбе облысының Кәсіпкерлер палатасы алаңындағы кездесу

Астана қ.                                                                                                       2024 жылғы 12 маусым

«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ (жалғыз акционері «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ) өкілдері өңірлік кездесулерін жалғастыруда. Осы жылдың 12 маусымы Ақтөбе облысының Кәсіпкерлер палатасының алаңында Ақтөбе қаласындағы құрылыс компанияларына тұрғын үй құрылысын қолдау құралдары, оның ішінде үлестік тұрғын үй құрылысына кепілдік беру және құрылыс салушылар үшін несиелерді субсидиялау тетіктері ұсынылды.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта Бірыңғай оператордан кепілдік алудағы процедураларды жеңілдету және кедергілерді азайту мақсатында бірқатар өзгерістер әзірленді. ҚТК Кепілдігін алуға өтінімдерді қарау рәсімдері толығымен автоматтандырылған. Бұл қызмет заңнамада көзделген кепілдендіру, субсидиялау шарттарының барлық түрлерін онлайн режимінде жасауға мүмкіндік береді. Үлескерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» ҚРЗ аясында объектілер құрылысының аяқталуына кепілдік беру Қазақстан Тұрғын үй Компаниясының қызметіндегі басым міндет болып табылады.

Сондай-ақ қатысушылардың назарына Ақтөбе облысында салынып жатқан  кепілдігі және үлескерлерден ақша тартуға рұқсаты бар нысандар туралы ақпарат берілді. Қазіргі таңда облыста салынып жатқан барлық нысандардың ішінде тек 2 нысанда ҚТК кепілдігі бар.

Өз кезегінде жергілікті атқарушы органның және банктердің өкілдері құрылысқа рұқсат беру құжаттарын, ипотекалық өнімдерді беру бойынша жергілікті жерлерде іске асырылатын рәсімдер бойынша ақпаратпен бөлісті, сондай-ақ үлестік тұрғын үй құрылысына кепілдік беру, Қазақстан Тұрғын үй Компаниясының құрылыс салушыларының кредиттерін субсидиялау тетіктерін іске асыруға жәрдемдесу мүмкіндігін талқылады.

Баспасөз қызметі

«Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ

+7 7172 797575, ішкі. 2720

pr@khc.kz, www.khc.kz