ҚТК тұрғын үй құрылысын қолдау құралдары Маңғыстау облысының құрылыс салушыларына таныстырылды

Бүгін Маңғыстау облысы әкімдігінде «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ (Жалғыз акционері «Бәйтерек «Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ) өкілдері ЕДБ өңірлік бөлімшелерінің, құрылыс компанияларының басшыларымен кезекті кездесу өткізді.

Алтай Куздибаев, «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасы: «Компания тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы ретіндегі өз позициясын нығайтуды жалғастыруда және институционалдық даму және таңдалған стратегия бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың арқасында нәтижелерге қол жеткізуде.
Тұрғын үй ұсынысын қолдау шеңберінде Компания бүкіл ел бойынша кредиттік тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін 1 251,4 млрд теңге сомасына жергілікті атқарушы органдардың облигацияларын сатып алуды жүзеге асырды.
Үлескерлердің мүдделерін қорғау мақсатында 2016 жылдан бастап жалпы сомасы 1 141,1 млрд теңгеге құрылысты аяқтауға 239 кепілдік берілді. 2021 жылдан бастап жалпы сомасы 34,6 млрд теңгеге жеке құрылыс салушылармен субсидиялау шарттары жасалды. 2009-2023 жылдар аралығында компанияның құралдары есебінен тұрғын үйді енгізу көлемі 13,2 млн шаршы метрді құрады. Одан әрі өнімді шараларды жүзеге асыру үшін және Стейкхолдерлермен тығыз өзара іс-қимыл жасау үшін Компания өкілдері осындай көшпелі кездесулерді тұрақты негізде өткізеді».
ҚТК тұрғын үй құрылысын қолдау құралдары, оның ішінде үлестік тұрғын үй құрылысына кепілдік беру, құрылыс салушылардың кредиттерін субсидиялау тетіктері бойынша қатысушылардың сұрақтарына жауап бере отырып, Тұрғын үй бағдарламалары департаментінің директоры Руслан Тағаев: «Көлеңкелі нарық үлесін қысқарту үшін Компания Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен және мемлекеттік органдармен бірлесіп заңнамаға өзгерістер енгізді. Бұл өзгерістер көп пәтерлі тұрғын үй (әрі қарай – КТҮ) құрылысының тәжірибесі мен іске асырылған объектілері бойынша құрылыс салушылар үшін кіріс талаптарын төмендетуге, мердігерге аванстық төлемдерді ұлғайтуға, құрылыс салушыларға жинақ және ағымдағы шоттар (оның ішінде шетел валютасында) ашуға мүмкіндік беруге бағытталған, сондай-ақ үлестік заңнаманы бұзғаны үшін айыппұл санкцияларын қатаңдатуды көздейді (300-ден 2000 АЕК-ке дейін). Сондай-ақ салынып жатқан КТҮ-де брондау, инвестициялау шарттарын және өзге де алдын ала шарттарды жасасуға, ЖАО рұқсатынсыз немесе бірыңғай оператордың кепілдігінсіз осындай үйлерде ипотекалық қарыздар беруге, сондай-ақ «Қазрестр» АЖ-да деректер болмаған кезде салынып жатқан КТҮ-ні жарнамалауға және басқа да ілеспе шараларға тыйым салу енгізіледі. Әзірленген өзгерістер Қазақстан Республикасы Үкіметінің қорытындысымен қолдау тапты және қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауында».
Айта кету керек, Компаниямен әзірлеген «Тұрғын үй порталы» АЖ (www.homeportal.kz) компанияның жеке тұлғалары мен қазіргі клиенттері үшін үлескерлердің қаражатын тартуға компанияның тиісті рұқсаты немесе кепілдігі бар Қазақстандағы үлестік құрылыстың барлық объектілері туралы толық ақпарат береді.
Халық арасында жүргізіліп жатқан ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында ҚТК өкілдері өңірлік БАҚ-тарды өз материалдарында  үлескерлердің назарын алданып қалмау жолдарын жиі насихаттауға шақырды.
Қазақстанда салынып жатқан ҚТК кепілдігі және үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсаты бар объектілер туралы барлық ақпарат тұрғын үй порталында homeportal.kz. орналастырылған.

 Баспасөз қызметі
«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ
+7 7172 797575, ішкі 2720
pr@khc.kz, www.khc.kz