ҚТК Шымкентте ASYL TAS ТК объектісі бойынша кепілдік басталғанын хабарлады

2024 жылғы 25 қыркүйекте «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ Шымкент қаласы Қаратау ауданы Нұртас шағынауданы, 5/3 (сыртқы инженерлік желілерсіз) 1-қабаттағы коммерциялық объектінің және көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы бойынша кепілдік жағдайының басталғанын жариялады.
Көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысын аяқтау және тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу кепілдігін беру туралы шарт бойынша үлескерлер алдындағы міндеттемелерді орындау мақсатында компания объектінің құрылысын қайта бастау үшін тиісті іс-шараларға кіріседі.
Анықтама: 2023 жылғы 6 наурызда «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы («Бәйтерек „ҰБХ“ АҚ еншілес ұйымы) „ВВД-Құрылыс“ ЖШС және Crystal Shymkent ЖШС-мен „Шымкент қаласы Қаратау ауданы Нұртас шағынауданы, 5/3 (сыртқы инженерлік желілерсіз) 1-қабаттағы коммерциялық объектінің және көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы“ объектісі бойынша № ДПГ-23-13-055/132 кепілдік беру туралы шарт жасасты.
Нысан пайдалануға 2024 жылғы 8 қыркүйектен кешіктірмей берілуі тиіс.
Құрылыс салушының өтініштері негізінде 2023 жылғы 8 желтоқсан мен 2024 жылғы 8 қыркүйек аралығында бірыңғай оператор құрылыс мерзімдерін ұзартуды үш рет мақұлдады.
Қабылданған шараларға қарамастан, объектінің құрылыс барысының мониторингі пайдалануға беру және құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтау мерзімдері бойынша елеулі артта қалушылықты анықтады.
Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңның нормаларына сәйкес көппәтерлі тұрғын үйді пайдалануға қабылдау мерзімі бұзылған жағдайда Бірыңғай оператор кепілдік беру жағдайын тану туралы шешім қабылдайды.

Дереккөз: https://kaz.inform.kz/news/kazakstan-turgin-uy-kompaniyasi-shimkentte-asyl-tas-tkobekts-boyinsha-kepldk-zhagdayi-bastalganin-habarladi-846d7f/