Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы (Компания) жас мамандарға кәсіби дағдыларын дамытуға және құрылыс саласының сын-тегеуріндеріне бейімделуге ықпал ете отырып, қолдау танытады. Компания өкілдерінің Алматы қаласындағы Satbayev University, Caspian University және Халықаралық Білім Корпорациясы сияқты жетекші үш жоғары оқу орнының студенттерімен өткен кездесулері осы бағыттағы кезекті қадамы болды.
Satbayev University-де өткен жыл сайынғы «SU-2024 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» және Career HUB-тың ашылуы іс-шаралары аясында Компания студенттерге өзінің ағымдағы жобаларын таныстырды, жұмысқа орналасу тетіктері туралы айтып, нақты жобаларға қатысу мүмкіндіктерін ұсынды.
«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-тың болжамы бойынша 2030 жылға қарай Қазақстанның құрылыс саласына 213 мыңнан астам білікті маман қажет болады. Осы мақсатта Компания теориялық дайындықты практикалық жұмыспен біріктіретін қос тарапты оқыту форматын енгізу арқылы ЖОО-мен ынтымақтастықты күшейтуде.
«Компания тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы ретінде студенттерге баға жетпес тәжірибе алуға және кәсіби қызметке жақсы дайындалуға көмектесе отырып, ұлттық ауқымдағы жобаларға бірегей қолжетімділікті ашады», — деп атап өтті Компанияның Басқарушы директоры Ернар Абитаев.
Білім беру мекемелерімен ынтымақтастық Компания қызметінің басым бағыттарының бірі ретінде мамандардың жаңа буынын дамытуға және елдің кадрлық әлеуетін нығайтуға үлес қосуға деген ұмтылысты растайды.