Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы өңірлік өкілдіктердің жұмысын қорытындылады

«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ («Бәйтерек «ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы, ҚТК) өңірлік өкілдіктердің қызметіне арналған жыл сайынғы конференция өтті. Іс-шара қызметкерлердің тәжірибе алмасуына, кәсіби тұрғыда білім алып, жыл соңында жетістіктерін паш ету үшін маңызды алаңға айналып отыр.

Конференцияның алғы сөзінде ҚТК Басқарма төрағасы Алтай Қуздибаев компанияның 2024 жылғы елеулі жетістіктерін атап өтіп, алдағы кезеңге арналған басым мақсаттарды атап өтті.

Жылжымайтын мүлікті басқару департаментінің директоры Марат Әбдірахманов аймақтық өкілдіктердің қызметі туралы егжей-тегжейлі есеп берді. Жылжымайтын мүлік объектілерін басқару, тұрғын үй қорын күтіп ұстау, сондай-ақ несие және жалға беру портфельдері бойынша нәтижелерді жариялады.

Іс-шара аясында заманауи құралдар мен технологияларға ерекше назар аударылды. Келесі тақырыптар бойынша презентациялар ұсынылды:

  • «Trello – қашықтағы командаларды аймақтарда жедел басқару құралы ретінде»;
  • «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты цифрландыру»;
  • «Управдом қосымшасы»;
  • «Аулаларды және тұрғын үй кешендерінің жанындағы аумақтарды абаттандыру жұмыстары».

Конференцияның маңызды сәттерінің бірі – үздік аймақтық өкілдіктер мен мамандарды айтулы нәтижелері үшін марапаттау рәсімі өтті.

«Үздік өңір – 2024» кубогы жылжымайтын мүлік объектілерін тиімді басқарғаны үшін Қостанай қаласындағы өңірлік өкілдігіне табысталды.

Сондай-ақ, арнайы марапаттар:

  • Компания нысандарын басқаруға белсенді қатысқаны үшін Алматы қаласының өңірлік өкілі Нұрдәулет Ибраимов;
  • Нысандарды абаттандыру жобаларын сәтті жүзеге асырғаны үшін Ақтау қаласынының өңірлік өкілі Амангелді Алмамбетов;
  • Жылжымайтын мүлікті басқару саласындағы атқарушы органдармен тиімді өзара іс-қимыл жасағаны үшін Ақтөбе қаласының өңірлік өкілі Байрон Утешов;
  • Ағымдағы жай-күйді және күрделі жөндеулерді тиімді мониторингілеу, Компания нысандарын сапалы басқаруды қамтамасыз еткені үшін Шымкент қаласының өңірлік өкілі Олжас Ахметов;
  • Компания нысандарында кондоминиум нысандарын басқару органдарын құру үшін «Управдом» мобильді қосымшасында нысандарды тиімді тіркегені үшін Астана қаласының өңірлік өкілі Бауыржан Байменов марапатталды.

Марапаттау рәсімінен кейін аймақтық өкілдіктері үшін кәсіби дағдыларды арттыруға бағытталған оқыту ұйымдастырылды.

Баспасөз қызметі
«Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ
+7 7172 797575, ішкі 2205
pr@khc.kz, www.khc.kz