Генеративті жасанды интеллект негізіндегі инновациялық сервис – «Үлескерлерді қолдаудың онлайн-орталығы» Қазақстанда құрылыс салушының сенімді компаниясын тексеру үшін тағы бір арнасын ашуда.
Оған ҚР заңнамасы негізінде үлестік құрылыс саласындағы «пайдалы ақпарат» және жиі қойылатын сұрақтарға «жауаптар» сияқты бөлімдер енгізілген.
Қызметтің негізгі компоненті – генеративті жасанды интеллектті қолданатын ibota чат-боты. Сервис үлескерлердің құқықтарын қорғау және үлестік құрылыс нарығындағы ашықтықты арттыру үшін құрылған.
Ibota чат-ботының көмегімен үлескерлер:
- ҚР заңнамасы негізінде Қазақстан аумағында салынып жатқан тұрғын үйді сатып алуға байланысты сұрақтарға жауап алу;
- «Қазрестр» жүйесімен интеграция арқылы үлескерлердің ақшасын тарту үшін құрылыс салушыларды рұқсат құжаттарының бар-жоғын тексеру.
Жаңа сервис сұраныстарды өңдеу уақытын едәуір қысқартады, ақпараттың қолжетімділігін арттырады, бұл үлескерлердің мүдделерін қорғауға, алаяқтық тәуекелдерін азайтуға және заңды үлестік құрылыстың үлесін ұлғайтуға ықпал етеді (бүгінде нарықтың 67% – ы «көлеңкелі» аймақта).
Қазіргі уақытта iBota чат-боты бета-тестілеу режимінде жұмыс істейді. Пайдаланушылар қазірдің өзінде оның функционалдығын сынап көре алады және кері байланыс беру арқылы қызметті жақсартуға үлес қоса алады. Өнеркәсіптік пайдалануға беру 2025 жылдың екінші тоқсанында жоспарланған.
Платформа мына сілтеме бойынша қол жетімді: https://homeportal.kz/chatbot немесе QR коды арқылы:
«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ
Баспасөз қызметі
+7 7172 797575, ішкі: 2550, 2205
pr@khc.kz, www.khc.kz