Акционерлердің шарттарын мемлекеттік тіркеу енді толығымен электрондық форматқа көшірілді. Тұрғын үй-құрылыс кооперативтеріне (ТҚК) қатысу шарттарын есепке алу Қазрестрде орталықтандырылған түрде жүзеге асырылатын болады.
2025 жылдан бастап барлық тұрғын үй-құрылыс кооперативтері (ТҚК) жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын тіркеу қағидаларында бекітілген өзгерістерге сәйкес «Қазреестр» (qazreestr.kz) ақпараттық жүйесі арқылы қатысу шарттарын тіркеуі қажет. Бұл 2024 жылы Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы («Бәйтерек ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы, ҚТК) жүргізген ауқымды цифрландырудың арқасында мүмкін болды.
Бұған дейін ТҚК акционерлермен қағаз жүзінде шарттар жасасып, оларды тіркеу үшін әкімдіктерге ұсынатын. Енді барлық процедура онлайн форматына ауыстырылды, бұл процесті едәуір жеңілдетеді, ашықтықты арттырады және келісімшарттарды бұрмалау қаупін азайтады.
Бұл қалай жұмыс істейді?
ТҚК-ны Қазрестрде тіркеу – ұйым туралы мәліметтерді беру, құжаттарды жүктеу және ЭЦҚ-мен тіркеуді растау.
Жеке кабинетте құрылыс объектісін – ТҚК құру құрылыс объектісін жасайды: объектінің орналасқан жерін және құрылысты жүзеге асыру үшін рұқсат беру құжаттамасының болуын, пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың нақты санын, сондай-ақ объектінің техникалық сипаттамаларын көрсету қажет. Нысан бойынша қалыптастырылған деректер әкімдіктердің модерациялау рәсімінен өтеді.
ТҚК – ға қатысудың электрондық шарттарын жасасу – пайшылар Egov Mobile/Business-те ЭЦҚ немесе QR-кодты пайдалана отырып, Қазрестр арқылы ТҚК-мен онлайн шарттар жасай алады.
Электрондық шарт автоматты түрде тексеру рәсімінен өтеді, соның салдарынан электрондық шартты тіркеудің ең ұзақ мерзімі 1 жұмыс күнін құрайды. Бұл ретте, жүйе ТҚК-ға қағаз жүзінде жасалған шартты тіркеуге жіберуге мүмкіндік береді, алайда мұндай шартты тіркеу мерзімі 3 жұмыс күніне дейін созылады.
Тіркеуден кейін пайшы автоматты түрде өзінің электрондық поштасына электрондық шартты және шарттың мемлекеттік тіркеу туралы үзінді көшірмесін алады.
Шарттарды цифрлық сақтаудың жаңа жүйесі тіркеу мерзімін 1 күнге дейін қысқартады, қағаз құжат айналымын азайтады, ақпараттың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, бұл процесті барлық қатысушылар үшін ашық түрде жүргізуге мүмкіндік береді.