Тұрғын үй порталында үлестік құрылыстың 1000-шы объектісі тіркелді

Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы, ҚТК) тұрғын үй порталында (homeportal.kz) үлестік құрылыстың 1000-шы нысаны пайда болғаны жайлы қуана хабарлайды! Бұл үлескерлерге салынып жатқан тұрғын үйді таңдау кезінде саналы және қауіпсіз шешімдер қабылдауға көмектесетін ақпараттық жүйе үшін маңызды жайт.

Объектілер бойынша деректер тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың «Қазрестр» бірыңғай ақпараттық жүйесінен келіп түседі.

Мыңыншы нысан «GreenLine 4YOU-2» тұрғын үй кешені болды. Тұрғын үй порталының әрбір пайдаланушысы тұрғын үй кешені, құрылыс салушы, уәкілетті компания туралы деректерді көре алады.

Естеріңізге сала кетейік, тұрғын үй порталы 2021 жылы ҚТК әзірленген. Ақпараттық жүйе Қазақстандағы үлестік құрылыстың барлық заңды салынып жатқан объектілері туралы ақпарат береді. Мұнда пайдаланушылар құрылыс салушының салынып жатқан тұрғын үй кешеніне үлескерлердің қаражатын тартуға ҚТК кепілдігі немесе әкімдіктің рұқсаты бар-жоғын тексере алады, сондай-ақ әрбір үлестік құрылыс объектісі бойынша егжей-тегжейлі ақпарат ала алады.

Сонымен қатар, homeportal.kz үлестік құрылыс шеңберінде рұқсат құжаттары жоқ құрылыс салушылардың тізімін ұсынады.

Осылайша, тұрғын үй порталы азаматтарымызды жосықсыз құрылыс салушылардан қорғауға және құрылыс кезеңінде тұрғын үй сатып алу кезінде тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік береді!