Еуразиялық банкте құрылыс салушыларды тексеру сервисі іске қосылды

Еуразиялық банк Қазақстан Тұрғын үй Компаниясымен («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы, ҚТК) бірлесіп Smartbank мобильді қосымшасының «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде жаңа цифрлық сервисті ұсынды.

Бұл бастама  Қазақстан азаматтары үшін процестердің ыңғайлылығы мен ашықтығын арттырады.

Жаңа сервисті пайдаланушылар бірнеше батырманы басу арқылы құрылыс салушыда үлескерлер қаражатын тартуға қажетті рұқсат құжаттарының бар-жоғы туралы өзекті ақпарат ала алады. Құрылыс компанияның БСН немесе атауын ғана енгізіп:

  • ҚТК кепілдігі немесе әкімдіктің рұқсатының болуы;
  • құрылыс салушы объектілерінің тізбесі;
  • объектілер мекенжайы, құрылыс барысы (салынып жатқан не аяқталған) мерзімі  туралы толық ақпарат алуға болады.

Жаңа сервисті іске қосу – үлестік құрылыс нарығының ашықтығына маңызды қадам.  Азаматтарды тұрғын үй құрылысы инвестиция қауіптерінен қорғайды. Және жылжымайтын мүлік сатып алу кезінде байыппен қауіпсіз шешімдер қабылдауға көмектеседі.

Бұл сервис Smartbank қосымшасының барлық пайдаланушысы үшін қолжетімді.