Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы өз клиенттерінің ыңғайлылығы үшін цифрлық сервистерді дамытуды жалғастыруда. Қуана хабарлаймыз: Жеке кабинеттегі анықтамаларды автогенерациялау функциясы аясында енді жалдау шарттары бойынша (жекелеген бағдарламалар шеңберінде), соның ішінде БЖЗҚ үшін де пайдалануға болатын кредиттік берешектің болуы туралы анықтамалар қолжетімді.
Еске саламыз, қазіргі уақытта келесі анықтамалар қолжетімді:
- Кредиттік берешектің болуы туралы, оның ішінде БЖЗҚ үшін (ипотека шарттары бойынша);
- Берешектің жоқтығы туралы;
- Шот бойынша үзінді көшірме;
- Салыстыру актісі;
- Жалдау төлемі туралы ақпарат.
Анықтамалар электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде жасалады. Сіз оларға электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қойып, ezSigner.kz сервисі арқылы олардың түпнұсқалығын тексере аласыз.
МАҢЫЗДЫ! Қазіргі уақытта функционал бета-нұсқада қол жетімді және біз қол жетімді анықтамалар тізімін кеңейту бойынша жұмысты жалғастырудамыз.
Сұрақтар туындаған жағдайда, сондай-ақ сервисті жақсарту бойынша ұсыныстар мен түсініктемелер қалдыру үшін клиенттер +7 (7172) 79 75 75 нөмірі бойынша колл-орталыққа немесе hphelpdesk@khc.kz электрондық поштаға жүгіне алады.
