Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы өңірлік құрылыс салушыларына тұрғын үй құрылысын қолдаудың жаңа тетіктерін таныстырды

Жаңа бастамалар тізімінде: аумақтарды кешенді салу жобаларын қаржыландыру тетігі, «Орда Аймақ» өңірлері үшін ипотекалық бағдарламаны іске қосу, Qazreestr 2.0 цифрлық сервистері бар.

 2025 жылғы 15 мамырда «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы, ҚТК) жетекші өңірлік құрылыс компаниялары, кәсіптік қауымдастықтар, БАҚ өкілдерінің қатысуымен кездесу өткізді.

Кездесу аясында ҚТК өңірлерде кешенді құрылыс жобаларын қаржыландырудың жаңа тетігін таныстырды. Сондай-ақ, бұл механизм реновация бағдарламалары бойынша, оның ішінде Астана және Алматы қалаларында кешенді құрылыс жобаларына қолданылады.

Қаржыландырудың жаңа тетігіне сәйкес, кешенді құрылыс жобалары кемінде 10 000 шаршы метр тұрғын үй құрылысын қамтуы керек және аумақтарды кешенді дамыту стандартына сәйкес келуі тиіс.

-ҚТК тұрғын үй құрылысын қолдау құралдарының арқасында, 2024 жылы біз 3.2 миллион шаршы метрден астам тұрғын үйді жүзеге асырып, қырық мыңнан астам қазақстандық отбасы үймен қамтамасыз етілді. Бірақ біздің мақсатымыз тек шаршы метр ғана емес. Біз қолжетімді ипотекасы, сапалы инфрақұрылымы және сіздерге ыңғайлы болу үшін цифрлық шешімдер арқылы аймақтарда азаматтардың өмір сүруі үшін қолайлы жағдай жасауға тырысамыз – деп атап өтті «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы Алтай Куздибаев.

Механизм әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға, қоғамдық кеңістіктер құруға және азаматтарымыз үшін қолайлы және қауіпсіз қалалық ортаны арттыруға ықпал ететін кешенді құрылыс жобаларына бағытталған.

Қолдау қызметін алу үшін құрлысы салушылар бірнеше негізгі талаптарды орындауы керек:

  • құрылыс салушының соңғы 3 жыл ішінде тұрғын үй салуда тәжірибесі болуы тиіс;
  • кешенді құрылыс стандарттарына сәйкес келетін жобаның мастер-жоспарын жасау қажет;
  • құрылыс мерзімі 36 айдан аспауы тиіс;
  • меншікте немесе жалға берілетін жер учаскесінің болуы міндетті;
  • ҚТК кепілдігі қажет (үлескерлерді ЖАО рұқсатымен тартуға болады).

Негізгі талаптардың тағы бірі – белгіленген сметалық құн нормативтеріне сәйкес таза әрлеуде тұрғын үйді сату бойынша қарсы міндеттемелерді қабылдау.

Қаржыландыру шарттары:

  • Сомасы – ЖСҚ сәйкес жоба құнының 100 000 000 теңгеден 30% – на дейін;
  • мөлшерлемені – уәкілетті орган айқындайды;
  • қаржыландыру мерзімі – 36 айдан аспайды;
  • негізгі борышты төлеу бойынша жеңілдік кезеңі – 18 айға дейін;
  • сыйақы бойынша жеңілдік кезеңі – 12 ай;
  • кепілмен қамтамасыз ету: жылжымайтын мүлік;
  • еншілес физикалық және заңды тұлғалардың кепілдіктері.

Жобаны қаржыландыруға өтінімді ресми онлайн порталы https://homeportal.kz арқылы беруге болады, өтінімді қарау 35 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, іс-шараға қатысушыларға 2025 жылғы 7 сәуірде басталған «Орда Аймақ» жаңа ипотекалық бағдарламасының іске қосылуы көрсетілді.  Өңірлерде тұрғын үй құрылысын дамытуға бағытталған жаңа ипотекалық бағдарлама ҚТК кепілдігімен объектілерде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша салынып жатқан тұрғын үйді сатып алуға мүмкіндік береді.

Бағдарламаның шарттарымен, салынып жатқан құрылыс объектілерінің сипаттамасымен танысуға, сондай-ақ ҚТК тұрғын үй порталынан orda.homeportal.kz байланыс алуға болады.

Сондай-ақ, іс-шара шеңберінде Qazreestr 2.0 тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесінің үлестік құрылыс шеңберінде сыртқы ұйымдармен өзара іс-қимылдың негізгі процестерін автоматтандыруға арналған жаңа цифрлық сервистері көрсетілді.

Жаңа цифрлық қызметтерге мыналар кіреді:

  • Тіркеуге үлестік қатысу туралы электрондық шарттарды (ҮҚШ) жіберу сервисі. Бұл сервис электрондық ҮҚШ-ны құрылысшының сыртқы жүйесінен тіркеуге автоматты режимде Қазрестрге беруге мүмкіндік береді. Бұл қолмен жүктеуді азайтады, қателерді болдырмайды және құжаттарды тіркеу уақытын қысқартады.
  • Тіркелген ҮҚШ туралы мәліметтерді алу сервисі. Сервис сыртқы жүйеге Қазрестрде тіркелген ҮҚШ туралы өзекті ақпаратты (үлескер туралы мәліметтер, ҮҚШ  файлдары және тіркеу туралы үзінді көшірмені) ұсынады. Сыртқы жүйе қолмен тексеруді қажет етпестен ҮҚШ тіркеу фактісі туралы деректерді автоматты түрде ала алады.
  • Аналитикалық дэшбордтар. Құрылыс салушы мен уәкілетті компаниялар қызметінің негізгі көрсеткіштерін қамтитын интерактивті талдау панельдеріне қолжетімділік беріледі. Дэшбордтар сату динамикасын, аймақтар мен кезеңдер бойынша ҮҚШ есепке алу статистикасын және басқа да негізгі деректерді қамтиды.

Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы клиенттермен және серіктестермен өзара іс-қимылды неғұрлым ашық, жылдам әрі ыңғайлы ете отырып, үлестік құрылыс саласын цифрландыру жағын өркендетуді жалғастыруда.