Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы энергия тиімді және экологиялық таза тұрғын үй мәселелері бойынша Еуропалық инвестициялық банкпен ынтымақтастықты нығайтуда

29 мамырда Астана Халықаралық форумы аясында Холдингтің Басқарма төрағасы Рустам Қарағойшиннің қатысуымен Еуропалық инвестициялық банк (EIB Global) мен «Бәйтерек «ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы — «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ (ҚТК) арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.

Құжат энергия тиімділігінің басым салаларында қажетті дәрежеде әлеуетті қаржыландыру мүмкіндігін және ұсынылған жаңа бастамалар, қаржыландыру құрылымдары және ауқымды жобалар немесе бағдарламалар бойынша екі мекеме арасында тұрақты консультациялар жүргізу мүмкіндігін көздейді.

Астанада «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы Алтай Куздибаев пен Еуропалық инвестициялық банктің вице-президенті Кириакос Какурис келісімге қол қойды.

«Біз энергия тиімділігінің жоғары стандарттарына сәйкес келетін жобаларды қаржыландыру мүмкіндіктерін зерделеу үшін Қазақстан Тұрғын үй Компаниясымен тығыз жұмыс істеуге ниеттіміз», — деп атап өтті ЕИБ вице-президенті Кириакос Какурис. — «Бұл келісім Еуропалық Одақ пен банктің Орталық Азиямен стратегиялық әріптестікті нығайтуға және өңірдің тұрақты болашағына үлес қосуға деген ұмтылысын көрсетеді».

Ынтымақтастық EIB Global және Германия халықаралық ынтымақтастық қоғамымен (GIZ) бірлесіп жүзеге асыратын FELICITY II бағдарламасы шеңберінде іске асырылады. Бұл бастама Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдеріндегі төмен көміртекті эконмикаға инвестицияларды қолдау мақсатында Германия Федералдық экономика министрлігінің халықаралық Климаттық бастамасының (IKI) қолдауымен жүзеге асырылуда.

«ЕИБ мен Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы арасындағы ынтымақтастық елдегі энергия тұтынудың үштен бірін құрайтын Қазақстанның құрылыс секторын төмен көміртекті трансформациялауды жеделдетуге нақты мүмкіндік береді», – деді GIZ жобасының директоры Андре Фабиан. «Бұл сонымен қатар энергияны үнемдейтін құрылыс нарығын ынталандырады және инновациялық технологиялар мен қызметтерді енгізуге ықпал етеді».

Қол қою рәсіміне қатысқан GIZ Қазақстан Тұрғын үй Компаниясына жобаларды әзірлеу және қаржыландыруға дайындау кезінде техникалық қолдау көрсетеді.

«Азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру және заманауи, жайлы қалалық ортаны дамыту – Қазақстан Тұрғын үй Компаниясының басым міндеттері. ЕИБ Global-мен меморандумға қол қою ұлттық басымдықтарға да, жаһандық климаттық сын-тегеуріндерге де сәйкес келетін халықаралық ынтымақтастықтың ұзақ мерзімді бастамаларын іске асырудағы маңызды қадам болып табылады. Мұндай серіктестік тұрғын үйдің жаңа стандартын қалыптастыруға және Қазақстанда тұрақты және энерготиімді тұрғын үй жобаларын дамытуға ықпал ететініне сенімдіміз» – деді «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы Алтай Куздибаев.

Айта кету керек, Меморандум 2025 жылғы сәуірде өткен ЕО – Орталық Азия бірінші саммиті барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың қисынды жалғасы болды, ол кезде тараптар өзара байланысты нығайтуға және тұрақты шешімдермен бірлесіп жұмыс істеуге ниет білдірді.

«Қазақстан Тұрғын үй  Компаниясы» АҚ
Баспасөз қызметі
+7 7172 797575, ішкі: 2550
pr@khc.kz, www.khc.kz