«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ-да («Бәйтерек ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы, ҚТК) сала сарапшыларының, инжинирингтік және құрылыс компаниялары өкілдерінің, сондай-ақ жобаларды басқару жөніндегі мамандардың қатысуымен «Құрылыстағы жобалық басқару» тақырыбында конференция өтті.
Іс-шараның алғы сөзінде ҚТК Басқарма төрағасының орынбасары Қанат Жауымбаев КТК құрылысының сапасын, транспаренттілігін арттыру, сондай-ақ жоба тәуекелдерін азайту және объектілерді пайдалануға беру мерзімінің бұзылуына жол бермеу мақсатында жобалық басқарудың тиімді тетіктерін енгізудің маңыздылығын атап өтті.
Конференция аясында жетекші сарапшылардың, оның ішінде IPMA-А жобаларының сертификатталған директоры Аржан Бугубаевтың және Hill International директоры Алтуг Карагоздың баяндамалары ұсынылды. Спикерлер жобалық басқарудың негізгі қағидаттарын, құрылыс жобаларының өмірлік циклінің кезеңдерін, бюджет пен мерзімдерді жоспарлау, тәуекелдерді басқару мәселелерін, сондай-ақ халықаралық және қазақстандық тәжірибеден практикалық кейстерді атап өтті.
Қатысушылар жобаларды тиімді мониторингтеу мен іске асыруды қамтамасыз етудегі инжинирингтік компаниялар мен цифрлық шешімдердің рөліне ерекше назар аударды. Кепілдік беру объектілерін мониторингілеу үшін пайдаланылатын «ҚТК» АҚ – «Нұрлы жер» ахуалдық орталығы» және «Қазрестр» ТҮҚҮ ҚБ ақпараттық жүйелері ұсынылды.
Күннің екінші жартысында ҚТК үлестік құрылыс саласындағы құқықтық бастамаларды, қаржылық-техникалық бақылау тәсілдерін, қазақстандық құрылыс компанияларында жобалық басқару мен цифрландыруды енгізудің практикалық тәжірибесін, сондай-ақ құрылыс жобаларының тәуекелдерін басқаруды таныстырды.
Кездесу қатысушыларға сертификаттар табыстаумен аяқталды. Конференция елімізде құрылыс жобаларын тиімді іске асырудың жаңа тәсілдерін талқылау және тәжірибе алмасу алаңына айналды.
Баспасөз қызметі
«Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ
+7 7172 797575, ішкі 2205
pr@khc.kz, www.khc.kz



