«Smart Solutions» ЖШС және «Таңшолпан Астана» ЖШС уәкілетті компаниясы «La Familia» көппәтерлі тұрғын үй кешенінің (КТК) үлестік тұрғын үй құрылысын аяқтауға «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы) кепілдігін алды.
Тұрғын үй кешені Астана қаласында, «Есіл» ауданы, Е652 көшесінде орналасқан.
Нысан 9 қабатты екі үйден құралған.
Жобада тек пәтерлерді сату қарастырылған.
Пәтерлердің жалпы саны — 177, оның ішінде:
— 1 бөлмелі — 36,
— 2 бөлмелі — 105,
— 3 бөлмелі — 36.
Жобалау-сметалық құжаттама бойынша жайлылық класы – IV.
Еденнен төбеге дейінгі биіктігі 3,0 м.
Бастапқы әрлеу.
Жобаны тұрғын үй және коммерциялық объектілердің құрылысы бойынша қызметті жүзеге асыратын «Smart Solutions» ЖШС іске асырады.

