«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы, әрі қарай – «ҚТК» АҚ) жанындағы құзыреттер мен аумақтарды дамыту орталығы облыс орталықтарының қала құрылысы құжаттамасына жүйелі талдауды қамтамасыз ету мақсатында құрылды, бұл «ҚТК» АҚ-ға жобалық шешімдер мен бас жоспарларды негізге ала отырып, тұрғын үйді іске қосудың әлеуетті көлемін тікелей айқындауға мүмкіндік береді.
Орталықтың негізгі миссиясы – аумақтық жоспарлау саласында негізделген және стратегиялық тұрғыдан тексерілген шешімдерді әзірлеуге жәрдемдесу, сондай-ақ біліммен, құралдармен және озық тәжірибемен алмасатын кәсіби қоғамдастық қалыптастыру. Орталық ұлттық және халықаралық деңгейлердегі негізгі стейкхолдерлермен өзара іс-қимыл жасай отырып, сараптамалық алаңдардың, білім беру бастамаларының, форумдардың және бейінді жұмыс топтарының жұмысына белсенді енгізілген.
Орталықтың негізгі бағыттарының бірі жаңғырту үшін перспективалы аумақтарды анықтау болып табылады. «ҚТК» АҚ жаңарту мәселелері бойынша жобалық кеңсесі ретінде Орталық құрылыстың ағымдағы жай-күйі мен оның әлеуетін кешенді бағалау негізінде тұрғын үй қорын жаңарту бойынша ұсыныстарды қалыптастырумен айналысады.
Орталық сондай-ақ қалаларды дамытудың ықтимал сценарийлеріне талдау жүргізеді, әкімдіктер үшін ұсыныстар дайындайды және орнықты аумақтық дамуға көзқарастарды қалыптастыру үшін сараптамалық алаң ретінде қызмет етеді.
Жаңа сараптамалық алаң құру қалалық ортаны басқару және Қазақстанда тұрақты, теңдестірілген және өміршең қалаларды қалыптастыру тәсілдерін жүйелі трансформациялау жолындағы маңызды қадам болды.
Орталық қызметінің мәселелері бойынша байланыс ақпараты: Аумақтарды дамыту және құзыреттілік орталығының басшысы – Санжар Қазиев center.ctd.kz@gmail.com

