«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы, бұдан әрі — ҚТК) 2024 жылға арналған жылдық есепті ұсынды. Онда Компания қызметінің негізгі бағыттары бойынша негізгі көрсеткіштер, оның ішінде операциялық және қаржылық қызметтің нәтижелері, тұрақты даму және корпоративтік басқару саласындағы көрсеткіштер көрсетілген. Тәуекелдерді басқару, құрылым және қызметкерлер санына қатысты бөлімдер кеңейтілді.
Құжат Есептілік жөніндегі жаһандық бастаманың (GRI Standards), ҚЕХС (IFRS S1/S2) стандарттарына, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің талаптарына және «Қазақстан қор биржасы» АҚ ережелеріне сәйкес дайындалды.
Бұл GRI және S1/S2 ХҚЕС стандарттарына сәйкес дайындалған ҚТК-ның бесінші жылдық есебі. Компанияның есептері дәстүрлі түрде сарапшылар қауымдастығының жоғары бағасына ие болады. 2022 және 2023 жылдардағы ҚТК жылдық есептері «Қазақстан қор биржасы» АҚ нұсқасы бойынша қаржы секторындағы үздік жылдық есептер болып танылды.
2024 жылғы жылдық есептің толық мәтінімен ҚТК корпоративтік интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша танысуға болады.
