Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы, ҚТК) 2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап заңнамаға, соның ішінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу бойынша өзгерістер күшіне енетінін хабарлайды.
Жаңа ережелерге сәйкес, «Орда Аймақ» бағдарламасы бойынша ипотеканы салынып жатқан пәтердің кепіліне — қосымша мүліксіз ресімдеуге болады.
Бұл өзгеріс азаматтардың жаңа тұрғын үйге қауіпсіз инвестиция салуына, ал құрылыс салушыларға қаржыландыруды тек сенімді бақылаумен және үлескерлер үшін кепілдіктермен тартуға бағытталады.
Тұрғын үйдің болмауы туралы талап қойылмайды.
Бағдарламаның негізгі артықшылықтары:
- 15,9 % мөлшерінде белгіленген сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ 17,26 % – 22,81%).
- Икемді шарттар:
- бастапқы жарна: 20% бастап.
- қарыз сомасы: 1 млн теңгеден 75 млн теңгеге дейін.
- қарыз мерзімі: 12 айдан 240 айға дейін.
- Тұрғын үйдің бастапқы құны төмен: салынып жатқан тұрғын үйдің бағасы дайын тұрғын үйге қарағанда төмен.
Салынып жатқан құрылыс объектілерінің сипаттамасымен, сондай-ақ сату бөлімшелері мен консультанттардың байланыстарымен ҚТК тұрғын үй порталында orda.homeportal.kz танысуға болады.
Толық ақпарат алу үшін ҚТК-ның сall-орталығына хабарласыңыз:
+7 7172 79-75-75 – қалалық телефоннан қоңырау шалу.
8 800 080-44-48 – ұялы телефоннан қоңырау шалу.
WhatsАpp: +7 771 379 7575
«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ
Баспасөз қызметі
+7 7172 797575, ішкі: 2550
pr@khc.kz, www.khc.kz

