«Rapid Building» ЖШС және «Enter Stroy Invest» ЖШС уәкілетті компаниясы Шымкент қаласындағы «SHATTYQ CITY» ТК көппәтерлі тұрғын үй кешенінің үлестік тұрғын үй құрылысын аяқтауға «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ кепілдігін алды.
«SHATTYQ CITY» тұрғын үй кешені Шымкент қаласы, Абай ауданы, 215 квартал, 26/5 учаскесінде орналасқан.
Нысан 1 кезектің 8 тұрғын секциясынан және 2 кезектің 6 тұрғын секциясынан тұрады.
Жобада пәтерлер мен 2 коммерциялық үй-жайларды сату қарастырылған.
Пәтерлердің жалпы саны — 444, оның ішінде:
— 1 бөлмелі – 252,
— 2 бөлмелі – 156,
— 3 бөлмелі – 35.
Жобалау-сметалық құжаттама бойынша жайлылық класы – III
Еденнен төбеге дейінгі биіктігі 2,7 м.
Пәтерлер бастапқы әрлеу күйінде тапсырылады.
Жобаны тұрғын үй және коммерциялық объектілердің құрылысы бойынша қызметті жүзеге асыратын «Rapid Building» ЖШС іске асырады.
«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ
Баспасөз қызметі
+7 7172 797575, ішкі: 2550
pr@khc.kz, www.khc.kz
