2025 жылғы 31 тамыздан бастап «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) өзгерістер күшіне енді. Түзетулер үлестік құрылыс механизмінің әсерін кеңейтеді және құрылыс салушылар мен үлескерлер үшін жаңа ережелер белгілейді.
Енді «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы) үлестік құрылысты аяқтауға тек көппәтерлі тұрғын үй кешендеріне ғана емес, сонымен қатар аз қабатты тұрғын үйлерге (5 қабатқа дейін) және жеке тұрғын үй кешендеріне (50 үйден бастап коттедж қалашықтарына) кепілдік береді.
Сонымен қатар, Заңда ынталандыру шаралары аясында құрылыс салушылар үшін жаңа ережелер белгіленді:
- Ең төменгі тәжірибені 3 жылдан 2 жылға дейін қысқарту.
- Іске асырылған көлемдер бойынша шекті төмендету:
аймақтар үшін 9 мыңнан 5 мың шаршы метрге дейін;
Астана, Алматы, Шымкент қалалары үшін 18 мыңнан 10 мың шаршы метрге дейін. - Уәкілетті компанияның тек ағымдағы шотты ғана емес, сонымен қатар екінші деңгейдегі банкте жинақ және валюта шоттарын ашу мүмкіндігі (инжинирингтік компания тарапынан мониторинг кезінде);
- Мердігерлерге аванстық төлемдерді ұлғайту:
шартсыз және қайтарылмайтын банк кепілдігі жағдайында 25% – дан 50% – ға дейін;
қамтамасыз етілмеген жағдайда 10% – дан 20% – ға дейін. - ЖСҚ-да көрсетілген құннан асатын құрылыс материалдарын міндетті түзетусіз сатып алу мүмкіндігі.
Қатаңдату шаралары шеңберінде мынадай талаптар күшіне енді:
- Үлестік қатысу туралы шартынан (ҮҚШ) басқа кез келген алдын ала шарттары: брондау, инвестициялау және басқа да ұқсас шарттарды жасасуға тыйым салу.
- «Қазрестр» ақпараттық жүйесінде жоқ объектілердің жарнамасын орналастыруға тыйым салу.
- Әкімшілік айыппұлды ұлғайту:
үлескерлердің қаражатын заңсыз тартқаны және жалған жарнама таратқаны үшін 300-ден 2000 АЕК-ке дейін (1 млн-нан 7,4 млн теңгеге дейін). - Үлескерлерді тартуға әкімдіктің рұқсатынсыз немесе бірыңғай оператордың (ҚТК) кепілдігінсіз салынып жатқан тұрғын үйді сатып алуға ЕДБ-нің ипотекалық қарыздарын беруге тыйым салу.
- Салынып жатқан тұрғын үй үшін міндетті түрде қолма-қол ақшасыз түрінде есеп айырысуды жүргізу және «Қазрестр» ақпараттық жүйесіне үлестік қатысудың барлық шарттарын тіркеу.
- Құрылысты ұзартудың рұқсат етілген мерзімін қысқарту: 9 айдан 5 айға дейін (бір рет).
- Жоба бойынша кепілдік жағдайы басталғаннан кейін 3 жыл ішінде құрылыс салушының жаңа кепілдік алуына тыйым салу.
- ЕДБ жобаға қатысқан жағдайда банк, уәкілетті компания және инжинирингтік компания арасында үш жақты шарт жасалады. Соңғысы шот-фактуралар бойынша операцияларға қол жеткізе алады. Банк үлескерлердің қаражатын және қарыз қаражатын бір мезгілде пайдалану туралы шешім қабылдауға құқылы.
Естеріңізге сала кетейік, жобаны республикалық маңызы бар қалалардан тыс жерлерде іске асыратын құрылыс салушының бірінші кепілдігі бойынша кепілдік жарна 0% -ды құрайды (өз қатысуы бойынша талаптар сақталған жағдайда).
Бұдан басқа, инжинирингтік компаниямен шарт жасасу талаптары өзгертілді. Жоба бойынша кепілдік беру туралы оң шешім қабылданған жағдайда, ҚТК уәкілетті компаниямен және уәкілетті компания ұсынған техникалық қадағалаумен үш жақты шарт жасасады. Бұл ретте техникалық қадағалау «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» ҚР Заңының 21-бабының талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Заңға енгізілген өзгерістер шеңберінде кепілдік беруге арналған өтінім бойынша ескертулерді жою мерзімі 5-тен 10 жұмыс күніне дейін ұлғайғанын атап өту қажет (өтінімді қарау мерзімі тоқтатыла тұрады). Бұл ретте ҚТК тарапынан өтінімді қараудың жалпы мерзімі өзгеріссіз қалды-20 жұмыс күні.
Қабылданған өзгерістер бір мезгілде құрылыс салушылар үшін жаңа мүмкіндіктер туғызады және азаматтар үшін тәуекелді жобаларға инвестициялар салу тәуекелдерін азайта отырып, үлескерлерді тартудың ашықтығын бақылауды күшейтеді.
