Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы 2025 жылы тұрғын үй үлестік құрылысында «көлеңкелі» нарық үлесін бағалау қорытындысын ұсынды

Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы (ҚТК – «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның еншілес ұйымы) Қазақстандағы үлестік тұрғын үй құрылысында «көлеңкелі» нарық үлесі туралы жыл сайынғы зерттеу қорытындысын шығарды. Зерттеу еліміздің 19 ірі қаласы мен 606 салынып жатқан объектіні, оның ішінде аз қабатты құрылыс объектілерін (3 қабатқа дейін қоса алғанда) қамтыды.

Зерттеу құрылыс салушылардың салынып жатқан тұрғын үйді танымал ақпараттық ресурстарда сату жайлы жарнамалық хабарландыру мен «Қазрестр» тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесінен алынған мәліметтер негізінде жүргізілді.

Негізгі нәтиже:

2025 жылғы тамызға Қазақстандағы үлестік құрылыста «көлеңкелі» нарық үлесі 62,5% құрады, яғни салынып жатқан 606 объектінің тек 227-сінде (немесе 37,5%) ғана үлескерлердің қаражатын тартуға негіз болатын ЖАО-ның тиісті рұқсаты мен ҚТК кепілдігі болды.

2024 жылғы зерттеудің нәтижесі бойынша «көлеңкелі» нарық үлесі 69,6% құраған, 2025 жылмен салыстырғанда 7,1% -ға төмендеген:

* «Заңды» объекттер саны 15,8 % – ға өсті (2025 жылы – 227, 2024 жылы – 196);

* «Көлеңкелі» объект саны 15,4% – ға азайды (2025 жылы – 379, 2024 жылы – 448);

* Жарнамасы шыққан салынып жатқан объекттердің жалпы саны 5,9% – ға азайды (2025 жылы – 606, 2024 жылы – 644).

«Көлеңкелі» нарықтың ең үлкен үлесі (көрсеткіші 100%) Ақтау, Көкшетау, Қонаев, Петропавл, Тараз, Семей, Түркістан, Орал, Павлодар, Қызылорда қалалары мен Бесағаш ауылында тіркелген. Аталған өңірлерде жарнамасы шыққан салынып жатқан тұрғын үй кешендерінде үлескерлердің қаражатын тартуға ҚТК кепілдігі не ЖАО рұқсаты болмаған.

Ең төмен көрсеткіш Шымкент (36,9%), Атырау (45,5%) және Астана (50,2%) қалаларында байқалды.

Қала Объектілердің жалпы саны Заңды нарық «Көлеңкелі» нарық 2025 ж. «көлеңкелі» нарықтың үлесі 2024 ж. «көлеңкелі» нарықтың үлесі
1   Ақтау 25 0 25 100,0% 98,2%
2   Бесағаш 9 0 9 100,0% 100,0%
3   Көкшетау 9 0 9 100,0% 91,7%
4   Қонаев 8 0 8 100,0% 80,0%
5   Петропавл 6 0 6 100,0% 100,0%
6   Тараз 5 0 5 100,0% 100,0%
7   Семей 3 0 3 100,0% 100,0%
8   Орал 3 0 3 100,0% 91,7%
9   Түркістан 2 0 2 100,0% 100,0%
10   Павлодар 2 0 2 100,0% 66,7%
11   Қызылорда 1 0 1 100,0% 100,0%
12   Қарағанды 24 1 23 95,8% 100,0%
13   Ақтобе 17 1 16 88,2% 96,0%
14   Алматы 168 59 109 64,9% 68,5%
15   Қостанай 20 7 13 65,0% 56,3%
16   Өскемен 14 5 9 64,3% 78,9%
17   Астана 203 101 102 50,2% 49,2%
18   Атырау 22 12 10 45,5% 70,8%
19   Шымкент 65 41 24 36,9% 61,2%
ҚР бойынша жалпы саны: 606 227 379 62,5% 69,6%

Талдау нәтижесі бойынша саладағы оң динамикаға қарамастан, Қазақстанда үлестік тұрғын үй құрылысында «көлеңкелі» нарық үлесі әлі де толастамай тұрғанын байқаймыз. Үлескерлердің қаражатын тартуға заңды негіз болатын ЖАО рұқсаты немесе ҚТК кепілдігі жоқ салынып жатқан объектіні жарнамалауға тыйым салу, салынып жатқан тұрғын үйді сатып алу кезінде қолма-қол ақшасыз төлем жүргізу, заңнаманы бұзғаны үшін айыппұлды ұлғайту сияқты осы нарықта қабылданып жатқан бақылауды күшейту шаралары – үлестік құрылыс нарығын «тазарту» үшін қажетті ынталандыру шаралары – деп, ҚТК Басқарма төрағасы Алтай Куздибаев атап өтті.

«ҚТК» АҚ үлестік құрылыс нарығына мониторингті жалғастыруда, сондай-ақ үлескер құқығын қорғау мен ашық және тұрақты саланы қалыптастыруға бағытталған құралдарды енгізу бойынша үздіксіз жұмыс жүргізуде.

Ескертпе: БАҚ-та жарияланған, «көлеңкелі» нарықтың үлесі 66,6% құраған 2024 жылғы зерттеудің нәтижесінде жарнамасы шыққан аз қабатты тұрғын үй құрылысы объектілері (3 қабатқа дейін және қоса алғанда) көрсетілмеген. «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістерге байланысты 2025 жылғы қыркүйектен бастап аз қабатты құрылысты жүзеге асыру үшін үлескерлердің қаражатын тартуға ЖАО рұқсаты немесе ҚТК кепілдігі болуы тиіс (бұрын заңнамада көрсетілмеген). Жарияланған 2025 жылғы зерттеу нәтижесі үлестік тұрғын үй құрылысы нарығындағы жағдайдың толық көрінісін ұсыну мақсатында осындай объектілерді қамтып отыр.