Адами капиталды дамыту және тұрғын үй құрылысы саласындағы болашақ мамандарды қолдау мақсатында «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ (ҚТК, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы) Astana IT University студенттерімен кездесу ұйымдастырды.
Кездесуге ҚТК Басқарма төрағасы Алтай Куздибаев, сондай-ақ компанияның департаменттерінің өкілдері қатысты, олар компанияның қызметі, ағымдағы жобалары мен стратегиялық даму бағыттары туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Тұрғын үй құрылысы, ипотекалық кредиттеу және тұрғын үй активтерін басқару саласында өзін іске асырғысы келетін жас мамандар үшін кәсіби тұрғыда өсу мәселелері мен мүмкіндіктерге ерекше назар аударылды.
Студенттермен диалог барысында жылжымайтын мүлік нарығының өзекті тенденциялары, құрылыс саласына цифрлық технологияларды енгізу, сондай-ақ Қазақстанда қолжетімді және сапалы тұрғын үйді қамтамасыз етудегі ҚТК рөлі талқыланды.
Айта кетейік, Astana IT University студенттері төртінші жыл қатарынан «ҚТК» АҚ-да тәжірибе мен тағылымдамадан өтіп, дуальды оқыту бағдарламасы аясында жоғары білім деңгейі мен кәсіби әлеуетін шындап келеді. Бұл тәжірибе одан әрі ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл нысандарын кеңейту жолында берік негіз болмақ.
Компания дәстүрлі түрде практика мен тағылымдамадан өтуге және одан әрі жұмысқа орналасуға мүмкіндік бере отырып, жас кадрларды тарту жөніндегі бастаманы қолдайды.
«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ
Баспасөз қызметі
+7 7172 797575, ішкі: 2550
pr@khc.kz, www.khc.kz


