«EKM COMPANY» ЖШС (құрылыс салушы) және «EKM Invest» ЖШС уәкілетті компаниясы Өскемен қаласында «ASYLYM» көппәтерлі тұрғын үй кешенінің (КТК) құрылысын аяқтауға «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы) кепілдігін алды.
«ASYLYM» КТК Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, 19 тұрғын ауданының «Арай» тұрғын алабы мекенжайында орналасқан.
Кешен 190 пәтерден тұратын 5 қабатты 3 тұрғын үйден құралады.
Оның ішінде:
— 1 бөлмелі – 75,
— 2 бөлмелі – 55,
— 3 бөлмелі – 30,
— 4 бөлмелі – 30.
Жобалау-сметалық құжаттама бойынша жайлылық класы-III.
Үйде лифттер бар.
Еденнен төбеге дейін биіктігі 3 м.
Аяқтау-әрлеу алдында.
Еденнен төбеге дейінгі биіктігі 3 м.
Пәтерлер алдын ала әрленген күйінде тапсырылатын болады.
Жобаны тұрғын үй және коммерциялық объектілердің құрылысы бойынша қызметті жүзеге асыратын «EKM Invest» ЖШС жүзеге асырады.
Айта кетейік, «ASYLYM» КТК құрылыс салушы үшін кепілдік жарнаның мөлшері 0% құрады. Бұл өңірлік құрылыс салушыларды қолдауға бағытталған Қазақстан Тұрғын үй Компаниясының жаңа мүмкіндіктерінің арқасында мүмкін болды.
Жаңа шарттарға сәйкес өңірлерде ҚТК бірінші кепілдігін алған кезде құрылыс салушылар үшін кепілдік жарнаның мөлшері 0% құрайды. Мұндай шара өңірлердегі құрылыс компанияларын қолдауға және халық үшін сапалы және Қолжетімді тұрғын үй салуды ынталандыруға бағытталған.
«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ
Баспасөз қызметі
+7 7172 797575, ішкі: 2550
pr@khc.kz, www.khc.kz
