«КОМПОЗИТ – 7» ЖШС (Құрылыс салушы) және «Turkistan Development» ЖШС (уәкілетті компания) «Жанұя» 1 кезегі көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтауға «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ-ның кепілдігін алды.
Тұрғын үй кешені Шымкент қаласы, Абай ауданы, Бозарық шағынауданы, 581/1 учаскесінде орналасқан.
1 кезек жалпы ауданы 10 731,27 ш. м бес қабаттық 5 блок үйден құралған, жалпы пәтер саны – 134, оның ішінде:
-бір бөлмелі – 45,
-екі бөлмелі – 64,
-үш бөлмелі – 25.
Жобалау-сметалық құжаттама бойынша жайлылық класы – IV.
Еденнен төбеге дейін биіктігі – 2,7 м.
Пәтерлер бастапқы әрлеу күйінде тапсырылатын болады.
Жобаны тұрғын үй және коммерциялық объектілердің құрылысы бойынша қызметті жүзеге асыратын «КОМПОЗИТ – 7» ЖШС жүзеге асырады.
«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ
Баспасөз қызметі
+7 7172 797575, ішкі: 2550
pr@khc.kz, www.khc.kz
