«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ ұжымына тағайындалған Басқарма төрағасы – Алтай Куздибаевты таныстырды

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин бүгін «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ ұжымына тағайындалған Басқарма төрағасы – Алтай Куздибаевты таныстырды.

Алтай Куздибаев 1985 жылы туған. «Халықаралық экономика» мамандығы бойынша М.В. Ломоносов атындағы ММУ тәмамдаған. Менеджмент магистрі дәрежесін  иеленген.

Еңбек жолын 2008 жылы «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-да бастап, 2009-2012 жылдары «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС-де жұмыс істеді.

2012 жылғы қарашадан 2013 жылға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымы болып табылатын «Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары  лауазымын атқарды.

2013 жылғы қарашадан 2020 жылғы тамызға дейін «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы болып табылатын «Бәйтерек девелопмент» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметінде болды.

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның Тұрғын үй блогі біріктіріліп, «Бәйтерек девелопмент» АҚ, «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ  «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ-ға  қосылғаннан кейін Алтай Куздибаев «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ-ның  Басқарма төрағасының орынбасары лауазымына ауыстырылды.