2022 жылғы 25 тамызда Петропавл қаласында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қ.И. Ақсақаловтың қатысуымен «Петропавл қаласында көппәтерлі коммерциялық тұрғын үйлер құрылысын дамыту жоспары» тақырыбына инвестициялық форум өтті.
Форумға Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Қызылорда, Шымкент және Көкшетау қалалары құрылыс компанияларының, сондай-ақ «Қазақстан құрылысшылар одағы» РЗТБ өкілдері қатысты.
«Қазақстан Тұрғын Үй Компаниясы» АҚ-да тұрғын үй құрылысы саласында қолданылатын Бірыңғай операторды қолдау құралдары, оның ішінде үлестік тұрғын үй құрылысына кепілдік беру және тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін ЕДБ беретін несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау тетіктері таныстырылды.
Инвестициялық форумға қатысушыларға Бірыңғай оператордың кепілдігін алуға қойылатын талаптар, келіп түскен өтінімді қарау кезінде жүргізілетін сараптама, субсидиялар беруге арналған өтінімдерді қарау тәртібі, Digital Baiterek сайтында өтінім беру тәртібі және Бірыңғай операторды қолдау құралдары бойынша басқа да қажетті ақпарат ұсынылды.