12 қазан күні «Бәйтерек» бизнес орталығында «Құрылыс саласын дамыту бойынша қазіргі кезеңдегі сметалық норма және баға белгілеу» атты халықаралық конференциясы өтті. Отырыста «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ-ның қызметкерлері «Нұрлы жер» ахуалдық орталығы және құрылыс материалдары бойынша онлайн платформаның ақпараттық жүйесімен таныстырып өтті. Айта кету керек, іс-шарада еліміздің белді мамандарымен қатар, Ресей, Белоруссия мемлекеттерінен келген құрылыс саласының майталмандары қатысты. Қатысушылар BIM-технологиясы мен сметаны енгізу және олардың шешу жолдарын қарастыру, баға мониторнгісінің сандық трансформациясы және т.б. тақырыптарда докладтар оқып, өзекті сауалдар төңірегінде өзара пікір алмасты.