«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Компания) 2023 жылдың 29 мамырында Компанияның Жалғыз акционерінің шешімімен 2022 жылға арналған Компания қызметінің қорытындысына байланысты жай акциялар бойынша дивидендтер төлеуге шешім қабылдаганын хабарлайды.
1. Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Z05T3E2, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 55А ғимараты.
Компаниянын деректемелері: БСН 001 240 001 720, Кбе 15, «Қазақстан Халық жинақ банкі» АҚ-дағы шот, БСК: HSBKKZKX, ЖСК: KZ046010131000112685.
2. Дивидендтер төленетін кезең – 2022 жыл.
3. Бір жай акцияға есептегендегі дивиденд мөлшері – 1 773 (бір мың жеті жүз жетпіс үш) теңге 91 (тоқсан бір) тиын.
4. Дивидендтерді төлеудің басталу күні – шешім кабылданған күннен бастап.
5. Дивидендтерді төлеудің тәртібі мен түрі – дивиденттерді төлеу 2023 жылдың 1 тамызынан кешіктірмей ақшалай нысанда қолма-қол ақшасыз ақша аудару арқылы жүргізіледі.