Құрылыс салушылардың кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау

Жалпы ақпарат

Жеке құрылыс салушылар тарапынан ұсынысты ынталандыру мақсатында екінші деңгейдегі банктер жеке құрылыс салушыларға беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау құралы әзірленді.

 

Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде жүзеге асырылады.

Субсидия алуға қойылатын талаптар

Субсидиялау Екінші деңгейдегі банктерге субсидиялау туралы шешім қабылданған сәтте қолданыста болатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің деңгейінен 5% – дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша берілген кредиттер бойынша ғана жүзеге асырылады. 

 

Жыл сайын мемлекеттік бағдарлама шеңберінде республикалық бюджеттен құрылыс салушылардың кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің жылдық 7% -. өтеу үшін субсидиялар бөлінеді.

 

Жеке құрылыс салушы тұрғын үйкоммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында айқындалған уәкілетті орган бекіткен норматив бойынша алынған кредиттік қаражаттан әлеуметтік мақсаттағы тұрғын үйдің кемінде 50% -. сатады. 

 

Жеке құрылыс салушы тұрғын үйді тікелей сату, «Отбасы банк« АҚ қарыздары, Екінші деңгейдегі банктер, «7-20-25« ипотекалық бағдарламасы және «Бәйтерек «ҰБХ» АҚ еншілес ұйымдарының бағдарламалары арқылы сатады. 

 

Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін екінші деңгейдегі банктердің жеке кәсіпкерлік субъектілеріне беретін кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау тәртібін уәкілетті орган бекітеді.