Құрылыс салушыларға ҚТҮК-пен жұмыс істеу кезінде қателіктерге қалай жол бермеуге болады немесе кепілдік алудың оңай жолы

4 тамызда Нұр-Сұлтан қ. өңірлік кәсіпкерлер палатасы алаңында «Қазақстан Тұрғын Үй Компаниясы» АҚ мен Қазақстан құрылыс салушылар қауымдастығы өтінімдерді сапалы рәсімдеу үшін құрылыс салушыларды кеңінен ақпараттандыру мақсатында «Кепілдік алудың оңай жолы» тақырыбында семинар өткізді.

Семинарда «ҚТҮК» АҚ өкілдері «Digital Baiterek» үлестік тұрғын үй құрылысын аяқтау кепілдігін алуға өтінімдерді қабылдау бойынша онлайн-сервиспен таныстырды. Қазақстан тұрғын үй компаниясы төрағасының орынбасары Олжас Салықов атап өткендей:

«Өтінімдерді қабылдау порталы бір ай бұрын іске қосылды, барлық құжаттама қашықтан тапсырылады, өз өтініміңіздің мәртебесін бақылауға және ескертулер болған жағдайда түсініктеме алуға болады.

Бизнес-процесс кез келген жағдайда Заң бойынша 20 жұмыс күнінен аспайтын етіп құрылған. Барлық жерде сан ізі сақталады, бұл өте маңызды».

Семинарға қатысушылар кепілдік алуға арналған құжаттарды дайындау кезінде үлгілі қателер мен оларды жою мәселелерін талқылады. Талдау көрсеткендей, құрылыс салушы көптеген үлгілі қателерді өз бетімен жоя алады. Ол үшін ҚТҮК сервистік тәсілді енгізді және 5 тамыздан бастап құрылыс салушыға өтінімдер бойынша ескертулерді қоса алғанда, барлық мәселелер бойынша жедел онлайн-кеңес алуға мүмкіндік беретін «Бейне-консьерж» функциясын іске қосады.

«Бизнеске арналған ағымдағы құжаттаманы кем дегенде 40-50%-ға оңтайландыруға болатынын көріп отырмын. Қазір біз салалық Министрлікпен бюрократияны жоюды қарастырып жатырмыз. Тиісті Бұйрықты түзету қажет. Мұны тез жасаймыз деп үміттенемін.

Заңнаманы жақсарту бойынша ұсыныстар бар, бизнеспен және мемлекеттік органдармен жұмыс істейміз. Процестерді жақсарту бойынша сынға алып, кері байланыс беруді сұраймын, зерделейтін боламыз», – деп атап өтті Олжас Салықов.

Семинар қорытындысы бойынша осындай оқыту семинарларын апта сайын, соның ішінде өңірлер бойынша өткізу туралы шешім қабылданды.

«Қазақстан Тұрғын Үй Компаниясы» АҚ-ның

Баспасөз қызметі

+7 7172 797575, ішкі 2394

pr@khc.kz, www.khc.kz

Құрметті Клиенттер!

Қазіргі уақытта Клиенттердің жаңа Жеке кабинеті
«Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ даму үстінде. Аяқтаудың болжамды мерзімі 2022 жылдың тамызы.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.