Бүгін Қазақстан Тұрғын үй Компаниясының кеңсесінде Азия даму банкінің (бұдан әрі – АДБ) бастамасымен Астана қаласы әкімдігінің, ҚР ИИДМ ҚжТҮШІК, ҚР ЭжТРМ, «Жасыл Даму» АҚ, Экологиялық құрылыс жөніндегі қазақстандық кеңес, Инженерлік-сәулет компаниялары өкілдерінің қатысуымен консультанттардың екінші миссиясы өтті.
2022 жылы АДБ «Жасыл тұрғын үй құрылысын инновациялық қаржыландыруды дамытуды қолдау» жобасын (бұдан әрі – Жоба) іске асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне техникалық көмек көрсетуді бекітті.
Арман Үмбетов, тұрғын үй бағдарламалары департаментінің директоры: «Біздің компания аталмыш жобада техникалық көмек бойынша агент ретінде әрекет етеді. АДБ техникалық көмегі тұрғын үй секторында пайдалану үшін жасыл технологияларды таңдау саясаты, олардың қаржылық орындылығын бағалау және жоспарланған қала құрылысы объектілері шеңберінде «жасыл» тұрғын үйді қалай жобалау туралы білім беру мәселелері бойынша кеңес беру болып табылады».
Жоба АДБ қаражаты есебінен қаржыландырылады, жобаны іске асыру мерзімі – 2024 жылдың желтоқсанына дейін. АДБ Жобасын іске асыру үшін халықаралық консультанттар да тартылып отыр.
Кездесуде алдағы жұмыс жоспары анықталып, бірнеше бағыт бойынша әлеуетті арттыруға бағытталған сессиялар ұйымдастырылды.