«ATAMURA GROUP» ЖШС және «TITAN DEVELOPMENT» ЖШС уәкілетті компаниясы Алматы қаласындағы IV кезектегі «Атмосфера» көпқабатты тұрғын үй кешенін үлестік тұрғын үй құрылысын аяқтауға «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ-ның кепілдігін алды.
«Атмосфера» тұрғын үй кешені Алматының солтүстік-шығысында «Түрксіб» ауданы, Нұршашқан шағынауданы, Алатау көшесі, 48-учаске мекенжайы бойынша орналасқан. Кешенде 45-тен 102 м2-ге дейінгі аумақтағы 1,2 және 3-бөлмелі пәтерлер бар.
Жобаны «ATAMURA Group» ЖШС жүзеге асырады — компания 2011 жылы құрылған, ол тұрғын үй және коммерциялық нысандарды салу жобаларын іске асырады.
