«Диал-Строй» ЖШС және «ELIF Development» ЖШС уәкілетті компаниясы Алматы қаласында «ALTAI CITY» көппәтерлі тұрғын үй кешенінің (КТК) үлестік тұрғын үй құрылысын аяқтауға «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ кепілдігін алды.
«ALTAI CITY» 1 кезек тұрғын үй кешені Алматы қаласында Түрксіб ауданы, Алтай-2 шағын ауданы мекенжайында орналасқан.
Нысан 9 қабаттан тұратын 7 секциядан құралған. Құрылыс технологиясы – монолит.
Жобада пәтерлерді, коммерциялық үй-жайларды және паркингтерді сату қарастырылған.
Пәтерлердің жалпы саны — 432, оның ішінде:
— 1 бөлмелі – 240,
— 2 бөлмелі – 144,
— 3 бөлмелі – 48.
Сондай-ақ, 54 коммерциялық үй-жайлары мен жерасты паркингінде 113 тұрақ орындарын сату қарастырылған.
Жобалау-сметалық құжаттама бойынша жайлылық класы-IV.
Еденнен төбеге дейінгі биіктігі 2,7 м.
Пәтерлер бастапқы әрлеу күйінде тапсырылатын болады.
Жобаны тұрғын үй және коммерциялық объектілердің құрылысы бойынша қызметті жүзеге асыратын «Диал-Строй» ЖШС жүзеге асырады.
«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ
Баспасөз қызметі
+7 7172 797575, ішкі: 2550
pr@khc.kz, www.khc.kz
