Алаяқтар астаналықтарға «Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасына қатысуға өтінім беру бойынша ақылы көмек ұсынады.
Қазақстанда 23 қыркүйектен бастап «Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылдау басталады. Оған екі санаттағы: «көпбалалы отбасылар» және «халықтың әлеуметтік осал топтарына» жататын Астана тұрғындары қатаса алады.
Осы орайда мемлекеттік бағдарламаны алға тартып, қатардағы азаматтарды алдап құрыққа түсіргісі келетін алаяқтар да бас көтере бастады. Астананың Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасында айтылғандай, кейбір тұлғалар қала тұрғындарына бағдарламаға қатысуға өтінім беру бойынша ақылы көмек ұсынады.
Осыған байланысты басқармада азаматтарды қырағы болуға және ешқандай жағдайда мұндай қызметтерді пайдаланбауға шақырды. Азаматтар қатысуға өтінімді өз бетінше бере алады, ал рәсімнің өзі қарапайым және айрықша дағдыларды қажет етпейді. Азаматтар алаяқтардың көмегіне жүгініп ақшасын «желге ұшырады».
Сонымен қатар, «көмекшілер» қызметтерін пайдалана отырып, бағдарламаға әлеуетті қатысушылардың одан да көп шығындарға ұшырау қаупі де жоқ емес, мұндай көмек бағдарламадан орын алуға да ешқандай кепілдік бермейді, құпия ақпараттың да жылыстап кетуіне әкеп соқтыруы ықтимал.
Өйткені өтінім беру кезінде электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қажет. Оны алғаннан кейін алаяқтар ЭЦҚ-ны өздерінің заңсыз әрекеттерінде қолдана алады.
Егер өтініш беру кезінде Қазақстандықтарда сұрақтар туындаса, олар +77172251325, тұрғын үй қорына – +77172280959 нөміріне қоңырау шалу немесе +7776198 2970 нөміріне WhatsApp-қа жазу арқылы техникалық қолдау көрсетуге көмек сұрай алады. Сондай-ақ, Астана қаласы, Республика даңғылы, 32-үй мекенжайы бойынша Тұрғын үй орталығына да келуге болады.
Астанадан жалға берілетін баспанаға құжат тапсырғысы келетіндердің ақшасын қалай ұрлайды